È

II Халықаралық Silk Road поэзия кинофестиваліне өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланды

II Халықаралық Silk Road поэзия кинофестиваліне өтініштерді қабылдау ашық деп жарияланды

II Халықаралық Silk Road поэзия кинофестиваліне қатысушылардың өтініштерін қабылдау басталды. Көрсетілімді Women of Kazakstan ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымы) Almaty International Literary Biennale және ҚР Ұлттық кітапханасымен бірігіп ұйымдастырған.

Фестивальге Шығыстың, Қазақстан мен Орта Азияның кез-келген кезеңіндегі ақындардың туындылары негізінде түсірілген қысқаметражды фильмдер және бейнежазбалар қатыса алады. Жанры маңызды емес. Бейнематериал хронометражы 1-ден 10 минутқа дейін болуы шарт. Қатысушылардың азаматтығы, тұрғылықты жері мен жасына шектеу жоқ.

Өтініш беру үшін қатысушы өз жұмысын на YouTube, Vimeo және Instagram-ға (егер ұзақтығы 1 минут болса) #silkroadfestival2018 хэштегімен жариялап, сілтемесін және аты-жөні мен байланыс нөмірлері жазылған хатты silkroadfestival@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс.

Өтініштер 2018 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

Картинаны қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқаратын кәсіби қазылар алқасы бағалайтын болады. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 21 маусымда Алматыда өтеді.

Silk Road фестивалінің продюсерлері - Динара Асанова, Джулия Ғани, Анна Чакиртова және Ғазиза Ғәбдірақымова.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

18 наурыз 2018, 13:05

Интересно!

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер