È

«48 сағатта түсіру» байқауына өтініштер қабылдау басталды

 «48 сағатта түсіру» байқауына өтініштер қабылдау басталды

2018 жылдың 21-22 сәуірінде 48 Hour Film Race - «48 сағатта түсіру» үшінші байқауы өтеді. Байқауға өтініштерді қабылдау 18 сәуірге дейін жалғасады.

48 Hour Film Race – АҚШ елшілігінің тапсырмасымен жыл сайын Қазақстанда өткізілетін байқау. Байқаудың мақсаты – жас кинематографистер мен энтузиастардың қабілетін шыңдау, сондай-ақ, аз бюджетті қызықты картиналарды шығару. Байқаудың шарты бойынша, қатысушыларға түсірілімге 48 сағат және фильмді өңдеуге 4 минут уақыт беріледі.

Биыл ұйымдастырушылар байқау ауқымын кеңейтіп, қатысуға Орта Азия мемлекеттерінің азаматтарын шақыруда. Жасы мен кәсіби біліктілігіне шектеу қойылмайды.

Байқауға қатысуға 48hourfilmrace.com. сайты арқылы өтініш беруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 1200 өтініш келіп, 320-дан аса картина түсірілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер