È

I Халықаралық түркі кинофестивалі ашылмақ

I Халықаралық түркі киносы фестивалі ашылмақ

21 наурыз күні I Халықаралық түркі кинофестивалінің ашылуы болады. Кинокөрсетілім Татарстан Республикасы, Қазанда өтеді. Фестиваль 25 наурызға дейін жалғасады.

Халықаралық түркі кинофестивалінің басты мақсаты – түркі тілдес елдердің кинематографиядағы жетістіктерін көрсету. Шарада қазақстандық, әзербайжандық, қырғызстандық, ресейлік және өзбекстандық кинематографшылардың жұмыстары көрсетіледі.

Фото: vlast.kz

Фестивальдің негізін былтырғы жылы құрылған Түркі әлемі кино қауымдастығы қалаған. Ұйым қазақстандық продюсер Қанат Төребай, Әзербайжаннан шыққан режиссер Оқтай Мір-Қасым, Қырғызстан продюсері Садық Шер-Нияз, Түркменстан режиссёрі Қожадүрді Нарлиев, Түркия режиссерлары Исмаил Гюнеш пен Федайи Озтюрк және Ресей кинопродюсері Миляуша Айтуғанова сынды танымал киноқайраткерлерді біріктірді.

I Халықаралық түркі кинофестивалінде Қазақстанның қандай фильмдерді таныстыратыны әзірге белгісіз.

 

Превью: inform.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер