È

«Зор» спорттық драмасының тұсаукесері күтілуде

«Зор» спорттық драмасының тұсаукесері күтілуде

21 желтоқсанда киноэкранға «Зор» атты спорттық драма шығады. Көркем фильмді Dostar production компаниясы түсірді. Картинаның қоюшы-режиссері - Шапағат Орынбаев, бас продюсері – Еркебұлан Молдашев.

«Зор» фильмі – ауылдан қалаға көшіп келген жас бокшы Айдын туралы хикая. Ол анасының қалауымен спортпен қош айтысады да, жаңа достар табады, яғни бай балаларымен жақын араласады. Кейіпкер жолы болған жігіттің күйін кешеді, себебі ол өз махаббатын жолықтырады. Бірақ, Айдын досының сатқындығын көреді де, анасына берген уәдесін бұзып, боксқа қайта оралады.

«Зор» фильмінің түсірілімінен көрініс

«Фильм түсіру идеясы BN тобының «Топ-томпақ» бейнебаянын көргеннен кейін туындады. Маған өте ұнады, кейін продюсер Еркебұлан Молдашев кино түсіруді ұсынды. Алғашында комедия түсіреміз деп ойлаған болатынбыз, бірақ кейін экшн элементтері бар драмаға тоқталдық. Фильмдегі кейіпкерлер бейнебаяннан алынған. Жобамызды «Зор» деп атадық, себебі бұл сөз «жақсы, мықты, үздік» дегенді білдіреді», - деді Шапағат Орынбаев.

Шапағат Орынбаев «Зор» фильмінің актерларымен бірге

Картинаға Айдын Жұмахан, Адина Бажан, Еркебұлан Тоқтар, Альбина Болатқызы, Әлішер Әскербеков сынды жас актерлармен қатар, BN тобының мүшелері қатысты.

«Зор» таспасының түсіріліміне қоюшы-оператор Асыл Мелдебеков және композитор Мансұр Гатауов үлес қосты. Жобаның екінші режиссері Парасат Ибраев болды.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Шапағат Орынбаев «Шымкентше тонау» комедиясын ұсынған болатын.

Суреттер @zor.kino Instagram парақшасынан алынды

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 қараша 2017, 13:04

Триллер все сказал, скучно

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер