Қазақстан мен Қытай бірлесіп, «Композитор» фильмін түсірмек
«Қазақфильм» киностудиясы Shineworks қытай компаниясымен бірге «Композитор» көркем фильмінің өндірісіне кіріспек.Алматыда картинамен Қытайдан келген түсірілім тобы режиссера Шеризат Якубтың жетекшілігімен жұмыс істейді.
«Композитор» фильмі қытай компазиторы Си Синхай жайлы, ол 1941 және 1943 жылдары қазақстанға келген екен. Сол жылдары Си Синхай қазақстандық компазитор Бақытжан Байқадамовтың шығармашылығымен танысады. Биографиялық лента екі музыканттың достығы, шығармашылық тандемі туралы.
«Қазақфильм» киностудиясының директоры Бақыт Қаирбеков бұл жобаның Қытай елімен бірлескен алғашқы жоба ретінде де, екі елдің достығы жайындағы картина ретінде де маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ директор шетелдік әріптестеріне барынша көмегін аямайтындарын жеткізді.

Қазақстан мен ҚХР бірлескен жобасы туралы келісім қыркүйекте Фучжоу қаласында өткен «Жібек жолы» кинофестивалінде жасалған болатын. Сол кезде «Қазақфильм» және Shineworks бірлесіп жұмыс істеуге және «Композитор» фильмін қаржыландыруға келісім жасап, қол қйоған болатын. келісім бойынша тараптар дайындық жұмыстарына кірісулері тиіс, ал 2017 жылы түсірілімді бастайды.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін