«Патриот»: Алматы көшелеріндегі атыс-шабыс, жарылыстар
«Атлас Синема» кинокомпаниясының режиссеры Ержан Садықов «Патриот» лентасының түсіріліміне кіріседі. Ең «шулы» көріністер Алматыда Достық даңғылы мен Чайкин көшелерінде 10-ы мен 13-ыншы маусым аралығында өтеді.

Айта кетейік, «Патриот» - драма элементтері бар патриоттық фильм. Алғашқы кадрлар адамдарды кепілдікке алу, көліпен қуу, атыс көріністерінен басталады. Түсірілім тобы шартылдақ, атқыш секілді түрлі спецэффектілерді пайдаланады. Ұйымдастырушылар биліктің арнайы рұқсатын алған, сондықтан жұмыс алаңы түгелдей қоршалады.
Бұған дейін режиссер Ақтауда осындай тәжірибе жасаған болатын. Сол кезде «Спецназ» және «Арлан» сериалдарының эпизодтары түсірілген болатын. Садықов бұл жолы да тұрғындарды шошымауға шақырды.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін