È

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің алғашқы кассалық табысы

 5-8 қаңтар аралығындағы кассалық жиын

Өткен деалыс күндеріндегі прокаттың көшбасшысы – «Кредо убийцы» компьютерлік ойынының экранизациясы. Дебюттық аптада бұл фильм қазақстандық прокатта 228 347 690 теңге жинады, ал ресейлік прокатта - 617 миллион рубль жасады. Фантастикалық ойынның авторы - Ubisoft компаниясы басты рөлге Майкла Фассбендерді шақырыпты, ол кинолентаның продюсері болған жағдайда ғана басты рөлге түуге келіскен. Өз дегеніне жеткен актер режиссерлық тақты Джастин Курзельге, ал Софияның рөлін Марион Котийярға табыстады.

«Пассажиры» драмасы прокаттың үшінші аптасында 108 217 260 теңге табыс тапты. Ресейдегі табысы шамамен 125 миллион рубль. Фильмнің сюжеті мен сценарийі Company Films компаниясының өнімі, компания Киану Ривз пен Стивен Хамелге тиесілі. Сценарий 2007 жылдың жүзеге аспаған жобаларының қара тізімінде болған.

«Три богатыря и Морской царь» мультфильмі 78 387 110 теңге жинажы. Өз отанында картина 206 миллион рубль пайда тапты. Айта кетейік, «Три богатыря и Морской царь» - ұлы күйеулер циклінің жетінші эпизоды.

«Бизнес по-казахски» фильмінен кадр

Жеңісхан Момышевтің режиссерлық дебюті «Бизнес по-казахски» фильмі 76 884 770 теңге табыс тапты. комедиялық лентаның сценарийін Әлішер Утев, Арыстан Каунев және Нұрлан Қоянбаев жазды. Қоянбаев картинаның бас продюсері және басты рөлді орындаушы болды. Авторлардың айтуынша, фильмнің идеясы - бизнесті жүргізу туралы кеңестер емес, туыстар арасындағы байланысты насихаттау.

Қазақстандағы прокаттың алтыншы аптасы «Моане» мультфильміне 49 455 260 теңге, ал Ресейде - шамамен 18 миллион рубль пайда әкелді. Авторлардың айтуынша, анимацияны түсіруде ең қиынға соққаны теңіз толқындарын жасау болған. Шынайы теңіз толқындарын жасау үшін жүздеген кадрлар жасаған, суретшілер Тынық мұхит толқындарын жасауға тырысқан.

Көрермен жинауды жалғастырып келе жатқан «Ёлки 5» жаңажылдық комедиясы. оның табысы 41 458 700 теңге. Ресейлік аудитория фильм қоржынына 111 миллион рубль салды. Өз жұмысын Тимур Бекмамбетов «Формула кино» Мәскеу кинотеатрында таныстырды. Таныстырылымға барлық түсірілім тобы мен жұлдызды қонақтар қатысты.

«Ёлки 5» фильмінен кадр

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің прокаттағы алғашқы аптасы өте табысты болды. Тарихи лента 38 784 000 теңге жинады. Картина 2015 жылы түсірілді, ал релизі 2016 жылдың көктемінен желтоқсанға ауыстырылды, бірақ драма экранға 2017 жылдың қаңтарында шықты. Түсірілім 100 күннен астам уақытқа созылды, арасында аздаған үзілістер болды, картина Алматы облысы өңірінде және арнайы жасалған декорациялық алаңдарда түсірілді. Түсірілімге 500-дейц адам қатысты.

Табыстары азайған фильмдер: «Снежная королева 3: Огонь и лёд» - 38 060 330 теңге, «Викинг» - 32 749 900 теңге, «Монстр-траки» - 24 854 30 теңге және «Изгой-один: Звёздные войны. Истории» -17 845 700 теңге.

 

*Материал Rentrak жүйесі мен Ticketon.kz. деректері бойынша әзірленді

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер