È

«Қашу» көркем фильмінің алғашқы түсірілім күні

«Қашу» көркем фильмінің алғашқы түсірілім күні

Алматы облысында «Қашу» фильмінің түсірілімі басталды, фильм негізіне түрмеден қашқан тұтқындардың шынайы оқиғасы арқау болған. Картинаның қоюшы-режиссері - Серікбол Өтепбергенов, продюсері - Данияр Ибрагимов. Өндірісімен «АЮ синема» компаниясы айналысуда.

«Қашу» фильмі 2010 жылы Маңғыстау облысында шынымен болған оқиғаны баяндайды. ГМ-172/1 колониясының қатаң тәртіптегі тұтқындар тобы түрмеден қашып кетеді. Сюжетте әскерде қызмет етуші 19 жасар Ерлан көрсетіледі, ол қатаң тәртіптегі колонияны күзететін жасаққа түседі. Ерлан түрмеде кісі өлімі үшін жазасын өтеп жүрген сыныптасы Дәуренді жолықтырады. Ерлан қызметін адал атқарып жүргенде, Дәурен радикалды ислам тобына тап болып, қашуға дайындалады.

Қашу кезінде қандай драмалық жағдайлар орын алды? Қашқындарға алғашқылардың бірі ретінде төтеп берген әскери қызметкердің ішкі жан-дүниесі қандай күйде болды? Авторлар осы сұрақтарға жауап табуға тырысады.

Кинотаспа идеясы Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-майор Сатов Мұхаметқали Құсайынұлына тиесілі. Сценарийін Азамат Айтжан жазды, оның да құқық қорғау саласында біраз тәжірибесі бар.

Фильмдегі басты рөлдерді Санұржан Сүлейменов (Ерлан рөлі) және Жасұлан Өмірбек (Дәурен рөлі) сомдайды. Сондай-ақ, картинаға Ерболат Тоғызақов, Саят Исембаев, Ғани Құлжанов және Серік Салқынбаев түскен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер