«Петля 2» фильмінің жалғасы бола ма?
Режиссердіңь айтуынша, «Петля 2» мүлде басқа фильм болмақ, алайда онда бірінші бөлімдегі кейіпкерлер де қатысады. Жобаның екінші атауы «Убить драгдиллера».
«Петля 2» картинасының ерекшеліктері, әрине түсірілім технологиясында болмақ, яғни картина сапасы жағынан жақсырақ. Сценарийді, түсілілу ерекшеліктерін бүге-шігесіне де дейін ойластырдық, нәтижесінде «дәмді фильм» шығарамыз деп үміттенеміз», – дейді Мирас.
«Петля 2» фильмінен кадр
Жобаның сценарийі енді бекітіледі, өйткені осы уақытқа дейін бірнеше рет езгертулер, толықтырулар болды. Режиссер атап өткендей: «Сценарий жақын арада толықтай дайын болады. Дайындық жұмыстары толығымен аяқталды, тек лентаға инвесторлар табу қалды».
Желіде картинаның тизері пайда болды. Демо-рликті көргеннен кейін инвесторлар бұл бұрын-соңды біздің елде түсірілмеген жоба екенін түсінеді деп үміттнеді Мирас.
Төлеуханов қосымша Gans Stars project жобаларымен де айналысуда. Сондай-ақ режиссер өзге жанрдағы басқа да фильмдердің идеясын ойластырып, сценарийін жазуда.
«Петля 2» фильмінен кадр
Мирас «Петля» фильмінің мықты жалғасын түсіргісі келеді. Алайда қаржылық қолдау басқа фильмге көрсетілсе, ол бұл фильмнің жұмысын уақытша тоқтататынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Петля» режиссер Мирас Төлеухановтың кинодағы дебюттық жұмысы. Бірінші фильмде басты рөлдерде Үмида Мухитдинова және Ғани Әжікенов ойнаған болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін