È

«Жұлдызды күн»

Жұлдызды күн

Мадияр Алтынбеков өзінің «Жұлдызды күн» (уақытша атауы) атты дебюттық жобасы туралы айтып берді. Өткен ғасырдағы америкалық және француздық комедияның қосындысы көрерменді бейжай қалдымасы анық.

Сценарий авторы және режиссеры Мадияр Алтынбеков тек қана комедиялық картиналар түсіретінін, дебюттық жұмысы да комедия жанрынан екенін айтты.

«Жұлдызды күн» жобасы – тәжірибелік болғандықтан әзірге қысқаметражды, егер демеушілер табылып жатса, толықметражы да түсірілуі мүмкін. Сценарийі жазылып бітті, енді фильмнің түсірілімі Алматы және Талдықорған қалаларында жаз айларында отандық жұлдыздардың қатысуымен өтеді.

Сюжет бойынша жас жігіт арнайы агент болып, құпия деректің мафиоздардың қолына түсуіне жол бермей, қаланы қатерден сақтап қалуы керек. Фильмде кейіпкер жаңа агент 007 бола ала ма, бұл уақыттың еншісінде.

Режиссердың айтуынша, «Жұлдызды күн» жалғыз ғана картина емес, бүгінде он шақты фильмнің сценарийі дайын көрінеді. Алтынбеков оларды кезекпен жарыққа шығармақшы. Сондай-ақ деректі фильм, жарнамалар түсіру де ойда бар екенін айтты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Қазақстандық кино Short Film Corner-де

Таяуда 69-ыншы Канн фестивалі басталды. Ресми ашылу салтанатына «Еуразия-2015»  ХКФ президенті Айман Мұсаходжаева және Рашид Нұғманов қатысты.    

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Леброн Джеймс екінші «Space Jam» фильмінің жұлдызы атанбақ

Space Jam лентасы алғаш рет 1996 жылы жарық көрді. Сол кезде басты рөлді Майкл Джордан ойнаған болатын. Шынайы актерлер мен мультипликациялық кейіпкерлердің біріктірілуі, сюжеттің тартымдылығы комедияның қызық болуына әсер етті.   

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер