«Кариб теңізінің қарақшылары»: Disney франшизаның қайта шығарылымының нұсқаларын қарастырып жатыр
Disney студиясы «Кариб теңізінің қарақшылары» франшизасының қайта шығарылымының нұсқаларын қарастырып, алтыншы бөлімнің түсіріліміне дайындалып жатыр. Disney қазір «Дэдпулдың» сценаристері Ретт Риз және Пол Верникке басты назар аударуда, олар «Тірі», «G.I. Joe: Әбжыланның атылуы 2» және «Zомбилэндке қош келдіңіз» экранды хикаяларымен жұмыс істеген. Студия осыған қатысты пікір беруден бас тарқанымен, Риз, Верник және Disney арасында әзірге ешқандай келісім жоқ.
«Қарақшылардың» алдыңғы бес бөлімі халықаралық айналымда 4,5 млрд доллар жинады. Disney үшін «Кариб теңізінің қарақшылары» ең табысты жобалардың бірі болып табылады. Былтыр «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» АҚШ айналымында 172 млн доллар жинаған, ал бүкіл әлем бойынша бұл таспа 620 млн доллардан аса қаржы жинады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін