È

«Байконур» I Республикалық қысқаметражды кино фестивалінің жеңімпаздары

«Байконур» I  Республикалық қысқаметражды кино фестивалінің жеңімпаздары

17-18 қыркүйекте Көк-Төбе (шатер) саябағында «Байконур» I Республикалық қысқаметражды кино фестивалі (Baikonur.brod.kz) өтті.

Екі күн бойы байқау бағдарламасына енген 38 картина, бағдарламадан тыс 7 фильм көрсетілді.

Жұмыстарды кәсіби кинематографтар баға берді: режиссер Рашид Нугманов, кинотанушы Гүлнәр Әбікеева, кинопрокатшы Сабина Күзенбаева, Eurasia Spotlight директоры Ильяс Ахмет, суретші-аниматор Ғали Мырзашев.

Кинофестивальдың жабылу салтанатында 10 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Гран -при» - «Едоки картофеля», режиссер Шарипа Оразбаева.

«Үздік режиссер» - «Маршрут», режиссер Дархан Төлегенов.

«Үздік сценарий» - «Хлоп-топ», режиссеры Алдияр Байракимов, Венера Каиржанова, автор сценария Роман Жуков.

«Үздік оператор» - «Аялдама», режиссер Диас Кулмаков, оператор Куаныш Курманбаев.

«Үздік актер» - «Еркек», режиссер Берік Жаханов, актер Нұргали Нұғман.

«Үздік актриса» - «Әке», режиссер Фариза Танаева, актриса Нұрсая Қабдысалам.

«Үздік экспериментальды фильм» - «Комендант Ильменау», режиссер Санат Шакиева.

«Үздік анимациялық фильм» - «Бәрінен де сен сұлу», режиссер Маржан Жүнісбек.

«Үздік деректі фильм» - «Ауыл тынысы», режиссер Қымбат Тойшы.

«Бродвей» таңдауы» - «Стучите громче!», режиссер Мәлік Зеңгер.

Фестивальдың серіктесі Esquire ерлер журналы режиссер Арнас Хабидің «Прозрение» мультфильмін құрмет дипломымен марапаттады.

Alma pictures компаниясының бас директоры және продюсеры Алмагүл Тлеуханова кинофестивальдың екі қатысушысын марапаттады. Нұрғали Нұғманның «Еркек» фильмінің бас кейіпкері кинокомпанияның жаңа жобасына түсу мүмкіндігін алды. «Поворот на 306» сценарий авторы Айдос Нұрболатов өзінің сценарийі бойынша толық метр немесе сериал түсіру мүмкіндігіне ие болды.

Фестиваль серіктестеріне алғыс білдіреміз: Ракеттік фирма RocketFirm.com, университет «Тұран», Көк-Төбе, Esquire Kazakhstan, PAPARAZZI club, «Тикетон», Alma pictures компаниялары, ақылды сатылым қызметі BeSmart, «Ораз Әбішев қоры» қоғамдық қоры.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер