Saryarka short film festival кинофестивалінің жеңімпаздары
18 желтоқсанда Saryarka short film festival Жастар арасындағы қысқаметражды фильмдер фестивалінің жеңімпазы анықталды. Кинобайқау Астана қаласында «ҚазМедиаОрталығы» концерт залында өтті. Іс-шаранң ұйымдастырушылары «Астана жастары» ресурсты орталығы. Saryarka SFF фестивлінің идея авторы Ануар Нүрпеисов.
Байқау бағдарламасына 23 картина қатысты, оларға қазылар алқасы баға берді. Төрешілер 7 номинация бойынша жеңіпаздарды анықтады. «Гран-при» Дархан Төлегеновтың «Маршрут» фильміне бұйырды, ал басты рөлді ойнаған Дулыға Ақмолда «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды. «Үздік әйел адам рөлін» Толғанай Талгат алды, ол «Обыкновенный человек» фильмінде ойнады. «Үздік режиссураны» Қазыбек Рүстембековтың «Актер» фильмі иеленді. Осы фильмдегі Роман Гусактың операортлық жұмысы да үздік деп танылды. «Үздік сценарий» иегері Олжас Тайгеловтың «Айжан» фильмі. «Көрермендер көзайымы» жүлдесіне режиссер Самғар Рахымның «Майлыбайдағы оқиға» фильмі лайық деп танылды.

Saryarka SFF фестивалі аясында режиссерлер Қанат Бейсекеевтің, Медет Шаяхметовтың, Олжаса Бейловтың, сондай-ақ Самсоа Безмятежныйдың шеберлік сыныптары өтті.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін