È

Тәуекел Мүсілім неліктен «Аға ма әлде неке ме?» фильміне түскісі келмеді?

Тәуекел Мүсілім неліктен «Аға ма әлде неке ме?» фильміне түскісі келмеді?

Kinopark 11 IMAX Esentai-да «Аға ма әлде неке ме?» комедиясының тұсаукесері болып өтті. Картина режиссер Ернар Нұрғалиевтың дебютті толықметражды жұмысы және Құралай Анарбекованың алғашқы продюсерлік жобасы болды. Комедияны режиссер, продюсер және актерлар: Әбунасыр Серіков, Нұрлан Сабыров, Тәуекел Мүсілім, Бауыржан Қаптағай мен Олжас Абай таныстырды.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмінің сюжеті Айдардың қызықты оқиғасын баяндайды, жігіт қалыңдығының бес ағасының көңілін табуға тырысады. Алайда, туыстар оңайлықпен берілмейді, күйеу жігітті шыдамдылыққа сынап көреді. Айдар (Дәурен Серғазин) Гаухардың (Құралай Анарбекова) туыстарының көңілін қалай табам деп жүргенде, бойжеткенді бұрынғы жігіті – сымбатты Марсель (Тәуекел Мүсілім) айналшықтайды.

«Түсірілім жеңіл әрі көңілді өтті. Тек таудағы түсірілім біраз қиындық тудырды. Біз тауда екі күн түсіруіміз керек болған. Бірақ, ауа-райының салдарынан төрт күнге қалып қойдық. Сценарий жазылып жатқанда, қай рөлді кімнің сомдайтынын білдік. Фильмге жүз пайыз Құралай Анарбекова, Әбунасыр Серіков, Нұрлан Сабыров және Тәуекел Мүсілім түсуі тиіс деп ойладық. Ал басқа рөлдерге жабық кастинг ұйымдастырдық»,-дейді Ернар Нұрғалиев.

Авторлар Нұрлан Сабыровтың келісімін бірден алған болса, Тәуекел Мүсілімді ұзақ көндіруге тура келген. Актердің айтуынша, өзіне ұсынылған рөл ұнамаған екен.

«Шынымды айтсам, маған Марсельдің рөлін ұсынған кезде бірден бас тарттым. Марсель – сыртқы бейнесіне баса назар аударатын өзімшіл жігіт. Көпшілігі мені де сондай жігіт деп ойлайды, сондықтан кинода осындай образдан, стереотиптен аулақ жүруге тырысамын. Бірақ, Ернардың өзі өтінген соң, ақыры көндім. Қазір, көрермендердің реакциясына қарай отырып, фильмге түскеніме еш өкінбеймін»,-деп бөлісті Тәуекел.

Фильм идеясы Алишер Утевке тиесілі, ол сценарий жазуды Арыстан Каунев пен Әділбек Сейілханға тапсырған. Авторлардың айтуынша, «Аға ма әлде неке ме?» фильмі екі тілде түсірілген, сондықтан қазақ пен орыс тілді аудиторияға бірдей түсінікті болады.

Картина өндірісімен Corich group компаниясы айналысты. Авторлар жоба бюджетін айтудан бас тартты.

Еске салсақ, «Аға ма әлде неке ме?» фильмі айналымға шығып үлгерді. Өздеріңізге ыңғайлы күнді кинотеатрлар афишасынан таңдай аласыздар.

Превью: ppz.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер