È

«Жалпы Париж сияқты»: бірінші трейлер

«Жалпы Париж сияқты»: бірінші трейлер

Әйгілі режиссер Мартина Скорсезенің қызы, актриса Доменика Камерон-Скорсезенің («Қорқыныш мүйісі») режиссерлік дебюті бірінші трейлерге ие болды. «Жалпы Париж сияқты» биылғы жылдың сәуір айында алғаш рет Нью-Йоркте Трайбек кинофестивалінде көрсетілген болатын. Таспа сценарийін актер Уолли Мардзано-Лесневич («Тереңдіктер», «Аннабель Хупер және Нантакет елестері») жазды.

«Жалпы Париж сияқты» бұрынғы банкир туралы баяндайды, ол туған қаласына оралып, тағдырдың жаңа соққысына тап болады. Кейіпкер орала салысымен, қайтадан достарымен, отбасымен жақын қарым-қатынас орнатады, өзі сүйген жандармен шынайы болуды үйренеді. Басты рөлді сомдаған Уолли Мардзано-Лесневичтен бөлек, «Жалпы Париж сияқты» фильміне жұлдызды құрам, атап айтқанда Сьюзэн Вэрон («Баскесер»), Адам ЛеФевр («Бір күні түнде»), Адриан Мартинес («Сиқыр») және Эбигейл Хоук («Көгілдір қан») түскен.

Доменика Камерон-Скорсезе: «Фильмімнің көпшілік аудиторияға ұсынылатынына ерекше қуаныштымын. Өмірімнің бір бөлшегіне айналған фильмнің шығу күнін асыға күтіп жүрмін. Режиссер ретіндегі ең үлкен үмітім – осы хикаяның көрермен көңілінен шығуы. Мен фильмнің түсірілімінде қалай еңбектенсем, халық та сондай ерекше ықыласпен туындымды тамашалайды деп үміттенемін».

«Жалпы Париж сияқты» кең айналымға 2018 жылдың 9 қаңтарында шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер