«Киномалышок-2016» байқауының қорытындысы шықты
«Киношок-2016» қазақстандық кинематограф үшін сәтті болды. Басты жүлде - «Алтын сабақтан» бөлек біздің отандастырымыз «Киномалышок» бөлімінде жеңімпаз атанды. «Однажды в детском доме» фильмінде басты рөлде ойнаған Амангелді Құсаинов «Үздік бала рөлі» аталымы бойынша жеңіске жетті,
«Однажды в детском доме» - режиссерлер Серік Әбішев пен Руслан Магомадовтың бірлескен жобасы. Фильм № 4 балалар үйінде болған оқиғаға негізделген. Қазақстан территориясында кәрістің ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін кәрістің төрт баласы Қазақстандағы балалар үйіне түседі. Авторлар жергілікті балалар мен шетелдік балалардың қарым-қатынасын және жер бетінде барлық балалардың бірдей екенін көрсетуге тырысқан.

Картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген Tanaris кинокомпаниясының өнімі. Сценарийін жазған Сергей Әзімов және Иракли Квирикадзе. Музыкасы Қуат Шілдебаевтікі.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін