È

«Бақұл бол, Денис!»

«Бақұл бол, Денис!»

Кеше 19 шілде күні белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Денис Тен өмірден озды. Дарынды спортшының жарқын өмірі автоұрылардың кесіренен қыршыннан қиылды. Белгісіз екеу мәнерлеп сырғанаушының автокөлігінің айнасын ұрлап алмақ боп жатқан кезде, спорты оларды байқап қалып, ұстап алмақ болады. Пышақ жарақатын алған Денис Тен көп қан жоғалтып, ауруханада көз жұмды.

Биыл 13 маусымда Денис Юрьевич Тен 25 жасқа толған болатын. Жігіт дарынды әрі сегіз қырлы, бір сырлы еді: ән айтып, музыка жазып, тіпті өзінің алғашқы фильмін түсірмек болған. Өткен аптада ғана ол Тимур Бекмамбетовтың Bazalevs кинокомпаниясы өткізген байқаудың жартылай финалына өткен еді. Тен «Соқыр махаббат» картинасының сценарийін жазып, бар күшімен идеясы үшін күрсесуге дайын болатын. Өкінішке қарай, Денис тағы бір арманын жүзеге асыра алмай кетті.

Қазақстандық киноқайраткерлер спортшының қазасына қайғырып, туыстары мен жақындарына әлеуметтік желі арқылы көңіл айтты. Көпшілігі Дениспен жеке таныс болатын және жақын қарым-қатынаста еді.

Продюсер әрі актриса Баян Алагөзова:

«Үздік адам кетті, Құдай оны алып кетті, мүмкін біздің шындығында не болып жатқанын білуіміз үшін шығар?... Денисті қаланың қақ ортасында, күндізгі сағат үште өлтіріп кетті. Біздің қауіпсіздігіміз үшін кім жауап береді? Ол адамдар кімдер? Біз погон таққан адамдардан қорғаушыны көрмейміз, керісінше өздерінен қорқамыз. Денис қорықпай, ұрыларға қарсы шықты, өйткені оған ешкімнің көмектеспейтінін, ешкім ешкімді қорғамайтынын жақсы білді. Бұл шындық. Бізде барлығы «керемет» деген сөз – түкке тұрғызы сөздер. Денис кешір! Өтінемін, барлығымызды кешірші! Өйткені, мұның барлығы біздің үндемеуімізден болып жатыр... біздің азаматтық ұстанымымыз да жоқ, кімнен сұрарымызды, кімді жазалайтынымызды да білмейміз. Әркім өзі үшін жүр. Мен барлық жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Ол қысқа, жарқын өмір сүріп кетті! ІІМ мен Прокуратура Денистің ісін қолға алды, мемлекеттің барлық азаматтарының да бақылауын өз қолдарыңызға алыңыздаршы».

 

Ушёл лучший, Всевышний его забрал, быть может чтобы мы наконец поняли, что происходит на самом деле? На самом деле, два ублюдка хладнокровно убили его, за кусок стекла, который потом с позволения владельцев базаров, можно спокойно продавать и покупать, ни кем не проверенное, и с молчаливого согласия всех, кто связан с этим «позорным бизнесом», такое происходит каждый день, в нашем «солнечном» городе, я не знаю владельцев авто, у которых не воровали зеркала - и это уже норма. И это страшно, что нам страшно ходить по улицам, где тебя подстерегаете любая опасность. Дениса убили в центре города, в три часа дня. Кто вообще отвечает за нашу безопасность???? Кто эти люди? Мы сами боимся людей в погонах, у нас страх даже при их виде, вместо того, чтобы чувствовать в них защитников. Денис не побоялся и вступил с нелюдями в конфликт, потому что знал, что ему никто не поможет в случае кражи, никому не помогут, никого не защитят. Вот это правда. И все красивые речи, о том что все «прекрасно» - это просто ничего не стоящие слова. Денис прости! Пожалуйста прости нас всех! Потому, что все это с нашего молчаливого согласия... и нет в нас гражданской позиции, и не знаем мы с кого спросить и кого наказать? Каждый сам за себя. Я скорблю, и выражаю соболезнования всем близким. Он прожил такую короткую, и такую яркую жизнь! МВД и Прокуратура, взяли дело Дениса под личный контроль, возьмите под личный контроль всех граждан государства.

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)

Режиссер Ақан Сатаев:

«Бұған сену қиын... Қымбатты Денис, жаның жәнатта болсын».

Актриса Әсел Сәдуақасова:

«Не деген сұмдық. Сене алмай отырмын. Өте ауыр. Бақұл бол, Денис».

Актер әрі продюсер Нұрлан Батыров:

«Біз Қазақстанның әлемдік деңгейдегі танымал спортшысынан айырылып қалдық. Жаның жәнатта болсын Денис, сен біздің жүрегімізде ең алғашқы мәнерлеп сырғанаушы әрі ең үздік жас болып қаласың. Бұл жағдайға қатысты тағы да пікір білдіргім келеді, бірақ осы да жеткілікті. Туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Бұл орны толмас қаза».

Актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай:

«Денисті ақша үшін ұрыларды жібере салатындар, оларға «жұмысқа» қажетті жағдайды жасап беретіндер өлтірді».

 

Дениса убили те, кто за деньги отпускает автоворов, те, кто создал им все условия для плодотворной «работы». Однажды у моего знакомого пытались снять зеркала. Их заметил прохожий. Вызвали полицию. Задержали с поличным. При себе у них были отвертки, которыми они орудовали и штук 10 записок с текстом: у нас есть зеркала на ваше авто и номер телефона. Позвонили там же на этот номер. Телефон оказался при них. Доказательств было хоть отбавляй. Мой знакомый был лично знаком с каким-то начальником в Ровд. Он звонил ему несколько раз, контролировал, чтобы преступники понесли заслуженное наказание. Прошло время и мы услышали, что их все же отпустили. Вот и все.

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

Актриса Әлия Телебарисова:

«Денис! Сенің орның ойсырап қалды! Сенің шынайы, ерекше ақкөңіл, ақылды әрі керемет дарынды екеніңді жақсы білгендердің жолы болған! Біз адамзатқа Алла сыйлаған дарыннан айырылдық! Мен сені өте жақсы көремін! Бақұл бол!».

Актер Ерден Телемісов:

«Мен сенімен бірнеше жыл бұрын бір сағат қана сөйлескен едім. Тағы да бірнеше рет кездесіп, жақын досың болғым келген еді, өйткені сен сияқты адамдардың Жер бетінде аз екенін білемін... Үлгермедім...».

 

Актер Санжар Мәди:

«Ақылға сыймайды. Мен өмірімде көптеген адамдарды жоғалттым, оған үйрену мүмкін емес».

Алдыңғы күні кездесуді белгілген едік, бірақ түсірілімдегі аяқ асты өңдеуге байланысты барлығын ауыстыруға тура келді... Әнімізді жаза алмадық... теннис ойнай алмадық... бейнебаян түсірмедік... әлі де сене алар емеспін... Туыстарына лайықты сөз табудың мүмкін еместігін білемін. Жаның ауырады. Уақытты кері қайтарғың келеді. Сол жерде болып, оңбағандардың аузына сол айналарды тыққың келеді. Осы іске қатысы бар жоғарыдағылардан бастап, барлығының аузына сол айнаны тыққын келеді.

Шарасыздық. Бүкіл денең сыздайды. Сен білесің ғой, саған 100 метр де жаяу жүруге рұқсат етпейтінмін. Сенің ашуланатының есімде (ол сондай күлкілі көрінетін), бірақ айтқанымды жасап, жол бойы телефонмен сөйлесіп бара жатсаң да, шығарып салатын едім. Сол минутта жаныңда болмағаным үшін кешірші. Кешір, бауырым. Бүгін үмітімізден айырылдық».

 

Прости, Брат, что не уберегли...

Публикация от Sanjar Madi℠ (@sanjar.madi)

Актриса Айжан Байзақова:

«Қайғыға ортақпын... Еліміздің ақыл-есінен адасып жатқанын бірнеше рет айтқан едім. Айна үшін адам өлтіру - біздің қаншалықты кедейлене түскеніміздің айғағы, барлық мағынасы жағынан...»

Денис Тенмен қоштасу 21 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Айта кету керек, мәнерлеп сырғанаушының өліміне жауапты адамдар белгілі болды. Тұтқындалғанның біреуі өз кәнәсін мойындады. Екіншісі іздестірілу үстінде.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер