È

Қиялдың самғауы

22-25 қыркүйек аралығындағы кассалық табыс

Өткен демалыста ең кассалы фильмдер көшін «Аисты» америкалық анимациясы бастады. Екі режиссер Николас Столлер мен Даг Свитлэндтің картинасы 12 564 710 теңге пайда тапты. Қанаттылардың оқиғасы тек балаларға ғана емес, ересектерге де қызық болса керек. Мультипликациялық жобаның бюджеті - 70 миллион доллар.

Екінші сатыда Антуан Фукуаның «Великолепная семерка» фильмі, режиссер бұған дейін «Великий уравнительді» түсірген. Режиссердың кезекті экшні 4 929 810 теңге табыс әкелді. «Великолепная семерка» - 1960 жылғы классикалық вестерннің ремейгі, оның түп негізі Куросаваның «Семь самураев» оқиғасына негізделген.

«Великолепная семерка» фильмінен кадр

«Бриджит Джонс 3», өкінішке орай алғашқы қарқынынан тайып кетті. Өткен уик-энд көшбасышысы бұл аптада тек 3 838 560 теңге жинады. Дегенмен картина жаңа мыңжылдықта әзірге ең алғашқы және жалғыз романтикалық комедия жанрында түсірілген трилогия, осы үш бөлімі де үлкен экранға шықты және барлық басты рөлдерді сол баяғы актерлер ойнады.

«Паранормальные явления» фильмін түсірушілердің «Нерв» деп аталатын триллері 3 799 300 теңге түсірді. Бұл актер Машин Ган Келли (сериал «Одиночество в сети») түскен бюджеті үлкен алғашқы жоба. Лентаның бюджеті 20 миллион доллар.

«Нерв» фильмінен кадр

«Жених» комедияы қоржынға 2 415 900 теңге салды. Романтикалық комедияның сценарий авторы Александр Незлобин және басты рөлді орындаушы Сергей Светлаков. Фильмнің түсірілім Геленджикада өтті.

«Чудо на Гудзоне» деп аталатын шынайы оқиғаның кассалық жиыны 2 406 800 теңге. Басты кейіпкердің рөлін ойнаған актер Том Хэнкс шашын аққа бочудың қиынға соққанын мойындады. Соңында ол шашын бояуды тоқтатқан, өйткені бас терісі бояуға шыдамай кеткен.

«Чудо на Гудзоне» фильмінен кадр

Жетінші позицияда інжілдің оқиғасы «Бен Гур». Тимур Бекмамбетовтың голливудтық жұмысы 1 207 220 теңге пайда әкелді. О баста Эстер рөліне Галь Гадот, София Бутелла, Моран Атиас және Наталия Уорнер қарастырылған болатын. Нәтижесінде рөл Назания Бониадиге («Танцующий в пустыне») бұйырды.

«Джейсон Борн» прокаттың үшінші аптасында 1 001 600 теңге табыс тапты. Сюжет бойынша оқиға Афинада болады, фильм продюсерлері грек үкіметінен фильмді елде түсіруге рұқсат сұраған. Алайда өте көп мөлшердегі салық және басқа да бюрократиялық мәселелер жоспарды іске асырмады. Сонымен Фильмдегә Афина табиғаты тамаша испаниялық арал Тенериф болды.

«Крейсер» фильмінен кадр

«Полный расколбас» миллионға сәл жетпеді. Балаларға арналмаған мультфильм 835 400 теңге пайда әкелді. «Молодости по страховке» фильмінің табысы 754 750 теңге.

Жарты миллионнан кем табыс тапқан фильмдер: «Крейсер» - 532 400 теңге, «Сноуден» - 434 800 теңге, «Тайная жизнь домашних животных» - 371 000 теңге және «Искусственный интеллект» 271 200 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер