È

Көрермендермен кездесуден кейін

Көрермендермен кездесуден кейін

Өткен уикендтің талассыз көшбасшысы Джоджо Моейстің бестселлері «До встречи с тобой». Картина 14 858 310 теңге жинай алды. Фильм жарыққа шықаннан кейін қолжазбасы ең көп сатылатын кітаптар қатарына еніп, 143 орыннан 3 орынға көтерілді.

«Тарзан. Легенда» фильмі де қалысар емес. оның кассалық жиыны 11 892 530 теңгені құрады. Фильмнің түсірілімі екі жылға созылған. Осы уақыт ішінде актер Александр Скарсгардты шамамен он шақты каскадер дубляж жасады, ал бес қыз-каскадерлер Джейн рөлін ойнаған Марго Робби үшін қызмет етті.

«Полтора шпиона» фильмінен кадр

Екінші орыннан бірнеше миллионға ғана қалыс қалып тұрған картина «Полтора шпиона», басты рөлде Дуэйн ДжонсЛентаның жалпы табысы - 9 051 610 теңге.

«Большой и добрый Великан» прокаттың алғашқы аптасына қарағанда екі есе аз жинады - 6 023 700 теңге. Стивен Спилбергтің диснейлік ертегісінің түсіріліміне үш айдан сәл аз уақыт жұмсалды, ал графикасы үшін бір жарым жылда астам уақыт еңбектенуге тура келді.

«Отмель» фильмінен кадр

«Отмель» триллері өзінің тұсаукесерлік аптасында 4 277 100 теңге жинады. Алайда картина әлемдік прокаттан 48 000 000 доллар табыс тапқан, өз бюджеті 17 000 000 доллар.

Зак Эфрон («Соседи на тропе войны 2») және Адам Дивайн («Идеальный голос») «Свадебный угар» лентасының қоржынына 4 134 730 теңге салды.

«Свадебный угар» фильмінен кадр

Үшінші аптада миллиондар түсіріп жатқан «В поисках Дори» - 2 448 170 теңге, «Иллюзия обмана 2» - 2 093 970 теңге, «День независимости: Возрождение» - 1 196 550 теңге.

Алты нөлі бар санға жете алмағандар: 833 310 теңге жинаған «Заклятие 2» сиквелі, «Соседи на тропе войны 2» - 348 000 теңге, «Гений» - 327 100 теңге, «Завтрак у папы» - 305 800 теңге және «Человек – швейцарский нож» - 258 000 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист