È

«Елбасы жолы. Астана» фильмінің постері

«Елбасы жолы. Астана» фильмінің постері

«Кәсіпкерлер» тұсаукесерінен кейін бір ай да өткен жоқ, Ақан Сатаев Қазақстан президенті жайлы картинаның алтыншы бөлімі - «Елбасы жолы. Астана» фильмінің постерін таныстырып үлгерді.

Таспа сюжеті 1994 жылы өрбиді. КСРО құлдырағаннан кейін, еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді, ал Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшірді, кейін оның атын Астанаға ауыстырды.

Режиссер мемлекет басшысы жайлы фильм түсірудің үлкен мәртебе екенін, себебі соның арқасында ол тыныш өмір сүріп, жұмыс істеп, отбасы құра алатынын айта кетті.

«Елбасы жолы. Астана» фильмінің түсірілім тобы
«Елбасы жолы. Астана» фильмінің түсірілім тобы

«Астананы ауыстыру идеясының Қазақстан болашағы үшін шынында маңызды болғанына сенімдімін. Біз бұл шешімнің маңыздылығын толыққанды енді ғана түсініп жатырмыз... Әрине, елімізде және қоғамда мәселелер әлі де бар, бірақ мәселесі жоқ елді/мемлекетті көрсетіңізші? Дегенмен, бізге өзімізге қарамай, кінәліні басқа жақтан іздеу оңай», - деп жазды Ақан өзінің Инстаграм парақшасына.

Бұл жолы президент рөлін актер Мұрат Ахманов сомдады, оның сырт келбетімен танымал голливудтық гример Марк Кульер айналысты.

Сондай-ақ, фильмге Азат Сейтметов, Асқар Ілиясов, Жан Байжанбаев, Олег Ли түсті.

Фильм сценарийімен Әділбек Жақсыбеков және Тимур Жақсылықов айналысты.

Фильм түсірілімі былтырғы жылдың желтоқсанында басталып, 2018 жылы жазда аяқталды.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер