È

«ПроЯвление» отандық триллерінің постері

«ПроЯвление» отандық триллерінің постері

2018 жылдың 1 ақпанында киноэкранға вайнер Нұрлан Батыровтың «ПроЯвление» атты дебютті фильмі шығады. Жақында картинаның бас кейіпкерлері бейнеленген ресми постер таныстырылды.

«ПроЯвление» - психологиялық триллер, оқиға суретші қыз Каринаның отбасында өрбиді. Кейіпкер сіңлісімен және жігітімен бірге тұрады. Карина барлығымен бірге тұрғанына қуанып жүретін, бірақ кейінгі кезде түсініксіз жағдайлар болып жүр. Ол күн өткен сайын жанұясына қауіп төніп тұрғанын сезеді.

Нұрлан Батыров сұхбаттарының бірінде кино түсіруді, өзін режиссурада сынап көруді 4 жыл бұрын бастағысы келгендігін айтқан еді. Сол уақытта вайнер «Үй» атты қысқаметражды фильм түсірген. Бірақ, толық метр түсірілімін 2017 жылы ғана қолға алды.

«ПроЯвление» Жанел Мақажан, Марат Әбішев және Дина Тасболатованың қатысуымен Астанада өтті.

Батыровқа алғашқы киножұмысын жарыққа шығаруға Enterprise production мамандары және жобаның қосалқы режиссері болған Нияз Әбдіғапар көмектесті.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер