È

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» жастар мелодрамасының постері

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» жастар мелодрамасының постері

Alma pictures компаниясы және Remedy агенттігі «Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» жастар мелодрамасының постерін жарыққа шығарды. Фильм Абдель Фифтибаевтың дебютті толықметражды жұмысы болды.

«Бойжеткен. Барлығы сол қыз үшін» картинасы Әнел есімді бойжеткенге ғашық болып қалатын жас музыкант Дэн туралы баяндайды. Алайда, Дэн алғашқы кездесуде өзіне назар аударта алмайды. Өз-өзін көрсету үшін жігіт Алматыдағы басты музыкалық фестивальге қатысуды ұйғарады. Дэн Әнелдің көңілін аулай ала ма екен? Оны көрермендер жақын арада білетін болады.

Фильм отандық айналымға 1 наурыз күні шығады.

Ғашық музыканттың рөлін Ерболат Ержанов, ал Әнелдің рөлін өзін кино саласында алғаш сынап отырған Әлия Наурызбаева сомдады.

Авторлардың айтуынша, сондай-ақ фильмге танымал алматылық рок-топтар қатысқан.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер