È

New York Film Academy академиясынан продюсерлікке қатысты тәжірибелік курстар

New York Film Academy академиясынан продюсерлікке қатысты тәжірибелік курстар

Нью-Йорк киноөнер академиясы продюсерлік салаға қызығушылық танытып жүрген барлық алматылықтарға кинопродюсерлеу мен сценарий ісіне қатысты тәжірибелік курстарға қатысуға керемет мүмкіндік беріп отыр.

Арнайы мастер-классты New York Film Academy академиясының үздік оқытушыларының бірі Лидия Седроне өткізеді.

Продюссерлеу бағдарламасының басты мақсаты – қатысушыларды киноөндірістің барлық сатысынан: идея құру мен оны жүзеге асыру, дайындық жұмыстары, сценарий жазу, бизнес-идеяларды іске асыру, бюджетті жоспарлау, топ құру және ұйымдастыру, демеушілерді тарту үшін арнайы презентациялар жасау сынды маңызды сабақтарды үйрету, соған орай арнайы тәжірибелік жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Бұл – бағдарламаға қатысушы студенттер үшін болашаққа қажетті таныстар тауып, өз күштерін саралап, білімдерін толықтыруға өте жақсы мүмкіндік. Тәжірибелік курсты аяқтаған барлық қатысушыларға New York Film Academy академиясы сертификаттар табыстайды.

Семинар алдыңғы аптада 8-9 сәуір аралығында Алматы қаласында өтеді. Сондықтан, жазылып үлгеруге тырысыңыздар. New York Film Academy академиясының тәжірибелік курстары туралы қосымша ақпаратты www.nyfa.kz сайтынан оқи аласыздар. Сондай-ақ, сұрақтарыңыз болса киномектептің Қазақстандағы өкілі Асель Зояға хабарласып, жауап ала аласыздар: +7 (701) 758-97-80.

 

 

 

Александра Терпиловская

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

3 апреля 2017, 18:17

А репортажи с семинаров будут?

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер