È

«Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» деректі фильмінің тұсаукесері

«Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» деректі фильмінің тұсаукесері

Алматыда «Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Таспа «Қазақфильм» киностудиясы және Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы қоры түсірген. Көрсетілім қазақ деректі киносы күндерінің аясында өтті.

«Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» картинасы – бұл қазақ ұлттық театрының қалыптасуы мен ашылуы туралы, оның негізін қалаған Жұмат Шанин жөнінде және шығармашылық интеллигенцияның қайғылы тағдырын баяндайтын хикая. Таспада бейнеленген оқиға 1926-1938 ж.ж. аралығында болған. Архивті бейнежазбалардан бөлек, фильмде ойнамалы қойылымдар, көріністер бар.

«Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» деректі таспасының тұсаукесерінен сурет

«Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин» кинотаспасының режиссері Алексей Каменский («Фатима») болды. Картина сценарийін «Қазақфильм» президенті Бақыт Қайырбеков және Айнұр Мәзібаева жазды.

Деректі кино ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілді.

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер