È

«Amazons» деректі таспасының тұсауы Viasat History арнасында кесілмек

«Amazons» деректі таспасының тұсауы Viasat History арнасында кесілмек

Бүгін, 8-қарашадан 9-на қараған түні Viasat History телеарнасында «Amazons» деректі таспасының тұсауы кесіледі. Картинаны Smithsonian channel американдық телеарнасының, ZDF неміс телеарнасының және Urban canyon британ компаниясының тапсырысы бойынша Colibri Films отандық кинокомпаниясы түсірген.

«Amazons» кинотаспасы – сақ кезеңінде өмір сүрген әйелдер туралы хикая. Фильм көрермендерді Самсы, Аелла мен Әлкей есімді әпкелі-сіңлілі үш батырмен тыныстырады. Кейіпкерлерді Динара Бақтыбаева, Ғазиза-Таңшолпан Тілеубай және Монғолия актрисасы Хулан Чулуун сомдайды.

Динара Бақтыбаева «Amazons» фильмінің түсірілімінде

«Amazons» фильмінің түсірілімі 2016 жылдың күзінде Жамбыл облысында, Жамбыл мұражайы ауылының маңында өткен. Жобаның қоюшы-режиссері Джон Вейд болды. Костюмдерді дизайнер Зәуреш Жабағина дайындады. Атқарушы продюсерлері - Нарын Игілік және Себастиан Питер.

Фильм Viasat History арнасының эфирінен «Жауынгер қыздар» (Epic Warrior Women) деген атпен шығады. Көрсетілім Алматы уақыты бойынша сағат 02:00-де басталады.

Қайталауы 9 қараша күні сағат 10:05-те және кешкі 22:25-те болады.

 

 

 

Превью: comode.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса