«Шынайы мінез» фильмінің тұсаукесері
«Аманат» киноклубында атақты кинодокументалист Ораз Әбішұлы Әбішевті еске алу кеші өтті. Кинематографистің 100 жылдығына арналған салтанатты кеш аясында «Шынайы мінез» фильмінің тұсаукесері өтті. Деректі лентаны түсірген Меруерт Дәулетбекқызы бұл фильмді отандық кинемотографтың корифейі Ораз Әбішевке арнаған.
Іс-шараға арнайы келіп, документалисті еске алғандардың қатарында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР кинематограф ардагері Юрий Израилевич Резников, кинорежиссер Владимир Викторович Тюлькин, дыбыс режиссеры, отандық кино ардагері Қадыр Қосай, режиссерлер Сағатбек Махмұд, Дамир Манабаев және Сергей Әзімов, сондай-ақ кинематографистің жақындары мен туыстары болды.
Еске алу кеші «Шынайы мінез» фильмімен ашылды, осы көрсетілімнен кейін Ораз Әбішевтың әріптестері, көзін көрген замандастары, шәкірттері сөз сөйледі.
(1)_d4rn.jpg)
«Шынайы мінез» фильмінен кадр
«Ораз туралы айту әрі жеңіл, әрі өте ауыр. Оның рухани деңгейі жоғары тұп-тұнық адам еді. Бүкіл бір кезеңді бастан өткерген Ораз бізге адам болып қалуды, әділетті болуды, бір-бірімізге жылы қарым-қатынас жасауды өсиет етті», - дейді кинематограф ардагері Юрий Резников.
Сондай-ақ Ораз Әбішұлының шәкірттері Меруерттің «Шынайы мінез» фильміндегі режиссерлық жұмысына баға беріп, түсірілім тобын тұсаукесермен құттықтады.
Картинаның авторы лентаны түсіріп жатқанда тұсаукесер туралы ойламағанын айтады. 
«Шынайы мінез» фильмінен кадр
«Біз фильмді түсіріп жатқанда бюджет мүлде болмады. Барлығы ынта, ниетпен түсірілді. Бір нәрсені анық айта аламын, мен бұл лентаға жанымды салдым. Фильмде Ораз Әбішевті кәсіби маман ретінде емес, тұлға ретінде көрсеткім келді. Мен картинаның тұсаукесері туралы ешқашан ойланбаппын да. Осындай ұлы тұлға туралы фильм түсіруге мүмкіндік берген тағдырыма ризамын», - дейді картина режиссеры Меруерт Дәулетбекқызы.
Жас режиссердың ұстазы Владимир Тюлькин.
Деректі фильммен оператор Амир Зарубеков және монтаж жасаушы Константин Суров жұмыс істеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін