«Жанұя» фильмінің тұсаукесері
Шымкентте режиссер Серік Таластың «Жанұя» толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті. Картина - үлкен кинодағы режиссердың алғашқы жобасы. Бұған дейінгі оның жұмыстары - бұл «Майдангерлер», «Скорость», «Жаңғырық» және басқа да қысқаметражды ленталар.
«Жанұя» - тағдырдың небір қиындықтары туралы драма. Сюжет бойынша жалт еткен өткінші сезім үшін әйелі мен балаларын тастап кетеді. Балалары өздеріне нан тауып жеу үшін ерте есеюге мәжбүр болады. Бір күні тағдырдың тәлукегіне түскен балалар әкесімен кездесіп қалады.
«Фильмнің идеясы жастардың өз бақытын алыстан іздемей, бақытты өз жақындарымен бірге құру керек екенін ойланса деген ойдан туған. «Жанұя» фильмінде қазіргі қоғамдағы әлеуметтік тақырыптап қозғалады», - дейді Серік Таласов.

Сценарийді жазған Гүлжамал Рахимбердиева. Рөлдерде: Еркін Жарылқасынов («Небо моего детства»), Ақмарал Маханова, Арай Әділ, Ғалымжан Қалыбаев және басқалар.
«Жанұя» фильмінің түсірілімі Шыскентте тамыз айында басталып, қыркүйекте аяқталған болатын. Картина Оңтүстік қазақстан облысы Жастар ресурсы орталығының тапсырысымен түсірілді.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін