È

«Өліара» тұсаукесері Оңтүстік Кореяда өтеді

 «Өліара» тұсаукесері Оңтүстік Кореяда өтеді

Режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» қысқаметражды фильмі XXI Пусан халықаралық фестивалінің BIFF (Busan International Film Festival) негізгі бағдарламасына енді. Кинофестиваль аясында «Өліара» фильмінің әлемдік тұсаукесері болады, одан кейін картина «Wide Angle section: Short Film Competition» секциясында бақ сынайды.

Жазушы Оралхан Бокеевтің «Өліара» шығармасының экранизациясы. Өліара - айлар арасындағы шақ. Басты кейіпкер - шопан, өлара шақта ол әйелінің өз көзіне шөп салғанын біліп қояды да, туған жерін тастап кетуге бел буады.

Басты рөлдерді Асылболат Смағұлов, Баян Қажинабиева, Дулыға Ақмолда ойнайды.

Елзат Ескендір «Выборе критиков – 2016»

Сценарий авторы - Елзат Ескендір және Өміржан Әбдіхалықұлы.Картина продюсері - Сергей Азимов, атқарушы продюсер - Дәурен Дариябек. Фильм өндрісімен айналысқан Tanaris кинокомпаниясы.

Режиссер Елзат Ескендір - Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, режиссера Иракли Квирикадзе шеберханасынан шыққан. «Выборе критиков – 2016» байқауында үздік қысқаметражды лента деп танылды.

Пусан халықаралық фестиваль 1996 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл фестиваль 6-15 қазанда өтеді. Жыл сайын байқауға 50 елден шамамен 200 жұмыс қатысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер