È

Апта тұсаукесерлері: Ескі және жаңа кейіпкерлер

Премьеры недели с 23 марта

Мерекелік демалыс күндері қазақстандықтарды «Могучие рейнджеры», оскарлы актер Кейси Аффлек қатысқан «Манчестер у моря» фильмі, ал кішкентай көрерменді «Босс-молокосос» анимациялық фильмі күтіп тұр.

«Могучие рейнджеры»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.03.2017

Елі: Канада, АҚШ, 2017

Режиссер: Дин Израэлайт

Рөлдерде: Брайан Крэнстон, Наоми Скотт, Элизабет Бэнкс, Бекки Джи

Жанр: фантастика, боевик, шытырман оқиға

Жасына қарай шекету: 16 жасқа дейін

Жоғары мектептің бес оқушысы жерге құлаған метеорит тауып алады, бұл табыстары оларды ерекше қабілетті етеді. Сол кезде жерге қауіпті де күшті сиқыршы Рита Репульс шабуыл жасауды жоспарлаған болатын. Балалар сол қатігездің жоспарын бұзып, әлемді құтқарулары керек.

«Босс-молокосос»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.03.2017

Елі: АҚШ, 2017

Режиссер: Том МакГрат

Рөлдерде: Джимми Кимел, Стив Бушеми, Алек Болдуин

Жанр: мультфильм, комедия

Жасына қарай шектеу: шектеу жоқ

Жеті жасар Тимді ата-анасы кішкентай інісімен таныстырғанда оның жыны келеді. Өйткені ата-анасы кішкентай інісіне көбірек көңіл бөледі. ал Тим азға қанағат етуі тиіс. Алайда ол жақында басты құпияны ашады - бөбек негізінде Жр бетіндегі бөбектерге деген махаббатты жоюдан құтқаратын корпорацияның жетекшісі. Қауіпті операцияны Puppy Co компаниясының басшысы ойлап тапқан еді.

«Манчестер у моря»

қазақстандық тұсаукесер: 23.03.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Кеннет Лонерган

Рөлдерде: Мишель Уильямс, Кейси Аффлек, Кайл Чандлер

Жанр: драма

Жасына қарай шектеу:18 жасқа дейін

Ағасының қайтыс болғанын естіген Ли Чандлер туған қаласына оралады. Мұнда ағасының әйелі мен баласы барн, Ли оларға қамқорлық етуі керек. Алайда осы қалада Лидің ең ауыр күндері өткен еді. Енді оған өткеніне қайта оралуға тура келеді.

«Живое»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.03.2017

Елі: АҚШ, 2017

Режиссер: Даниэль Эспиноса

Рөлдерде: Райан Рейнольдс, Джейк Джилленхол, Ребекка Фергюсон

Жанр: қорқынышты, фантастика, триллер

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

«Пилигрим» марсоходымен Жерге оралған экспедиция бір тіршілік иесіне тап болады. Алты зерттеуші оны жабылып зерттеген кезде әлгі белгісіз дүниенің бүкіл ғаламшарды құрту қаупі бар екенін анықтайды.

«О любви»

Қазақстандық тұсаукесер: 23.03.2017

Елі: Ресей, 2017

Режиссер: Владимир Бортко

Рөлдерде: Анна Чиповская, Марина Миронова, Алексей Чадов, Дмитрий Певцов

Жанр: мелодрама

Жасына қарай шектеу: 16 лжасқа дейін

Нина - студент әрі жас профессордың жұбайы. Жас қыз жарына деген адалдық пен көнбістіктің махаббат екеніне сенеді. Алайда бизнесмен Сергеймен кездескен соң Нинаның өмірі түбегейлі өзгереді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер