È

Аптадағы тұсаукесерлер: Асқақ армандар

11 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Отандық көрермен бұл аптада көптен күткен Гай Ричидің «Артур патшаның қылышы» картинасын, «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» картинасы арқылы Джеки Чанның экранға оралуын және Валерий Тодоровскийдің «Үлкен» жаңа фильмін көре алады.


«Артур патшаның қылышы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.05.2017

Мемлекеті: Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Гай Ричи

Рөлдерде: Джимон Хонсу, Чарли Ханнэм, Джуд Лоу, Астрид Берже-Фрисби

Жанры: драма, атыс-шабыс фильмі, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Артур өзінің жергілікті бұзақыларымен Лондиниум маңында әрекет етеді. Ер азамат Экскалибурқылышын таппағанша, өткені мен түп-тамыры туралы мүлдем ойланбаған еді. Бұл кездесу кейіпкер өмірін өзгертеді: ол қарсылас топқа қосылып, патшалықтың мұрагері екенін біледі. Артур кезінде ата-анасын өлтірген Вортигернмен бетпе-бет кездеседі.

 

«Аулақ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.05.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Джордан Пил

Рөлдерде: Дэниэл Калуя, Эллисон Уильямс, Брэдли Уитфорд, Кэтрин Кинер

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Крис жүріп жүрген қызы Роуздың ата-анасына қонаққа келеді. Басында кездесу жақсы өтеді. Алайда, Крис қыздың анасы оны гипноздап жатқанын сезіп қояды. Қонақтардың біреуі жігітке тез арада үйден кетуін айтқанда, жағдай ушыға түседі.

 

«Құдай сауыттары: Қазына іздеу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.05.2017

Мемлекеті: Үндістан, 2017

Режиссері: Стэнли Тун

Рөлдерде: Джеки Чан, Сону Суд, Диша Патани, Эмира Дастур

Жанры: шытырман оқиға, комедия, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Қазбашы Джек жоғалып кеткен қазыналарды іздеуді жалғастырады. Осы жолы ол Үндістан ғалымдарымен бірігіп, Тибетке аттанады. Бұл жақта топ қазыналармен бірге жоғалып кеткен Ундістан патша әскерінің ізін байқайды. Бірақ, қазына тауып алуды Джек қана емес, белгісіз Рэндалл да қалайды. Ол қалай да барлық қазынаны өзінің иелігіне алғысы келеді.

 

«Үлкен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.05.2017

Мемлекеті: Ресей, 2016

Режиссері: Валерий Тодоровский

Рөлдерде: Алиса Фрейндлих, Валентина Теличкина, Николя Ле Риш, Маргарита Симонова

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ауылдан келген жас биші Юляны бұрынғы балет артисі Птоцкий байқап қалып, балеринаның табысты мансабын ұсынады. Юля балет мектебіне барып, түрлі сынақтардан өтеді. Кейіннен бойжеткен жалғыз дарынның жеткіліксіз екенін, нағыз балерина болу үшін жігерлі мінез бен табандылық қажет екенін түсінеді. Көрермен кейіпкердің Үлкен театр жұлдызына қалай айналатынын көре алады.

 

Фильмдердің кестесін кинотеатрлар афишасынан қарай аласыздар

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса