È

Аптадағы тұсаукесерлер: Қара киімді адам

3 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Қазақстандықтар осы аптада Стивен Кингтің «Қара мұнара» кітабының экрандауы арқылы мергендердің соңғы мұрагері мен Қара киімді адамның шайқасын көре алады. Сонымен қатар, «Ұрлау» картинасынан Холли Берридің құпия қасиеттерін және «Леди Макбет» драмасынан Флоренс Пьюдің жұмбақ махаббатын білетін болады.

 

«Қара мұнара»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Николай Арсель

Жанры: фантастика, атыс-шабыс фильмі, шытырман оқиға, вестерн

Рөлдерде: Кэтрин Уинник, Мэттью МакКонахи, Идрис Эльба, Эбби Ли, Джеки Эрл Хейли

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм мергендер орденінің соңғы тұяғы Роланд Дискейн мен Қара киімді адам атанып кеткен Уолтер О’Дима туралы баяндайды. Қос кейіпкер қара мұнара үшін таласады. Бұл мұнарасыз Әлем аласапыранға айналып кетер еді. Сондықтан, қауіпті шайқасты айналып өту мүмкін емес.

 

«Ұрлау»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Луис Прието

Жанры: триллер

Рөлдерде: Холли Берри, Сэйдж Корреа, Лью Темпл, Крис МакДжинн, Аррон Шивер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бұл оқиғада қарапайым американдық әйелдің баласын ұрлап әкетеді. Кейіпкер полицияға хабар береді, бірақ құқық қорғау органдарының баласын іздемейтінін түсінеді. Жағдайға байланысты әйел баласын іздеуге өзі кіріседі.

 

«Желді өзен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, Канада, АҚШ, 2017

Режиссері: Тейлор Шеридан

Жанры: триллер, қылмыстық, детектив

Рөлдерде: Келси Чоу, Джереми Реннер, Джулия Джонс, Тео Брионес

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

«Желді өзен» атты үнділік қор жасайтын мекеме бір бойжеткеннің өлі денесін тауып алады. Қорықшы Кори Ламберт пен ФТБ агенті Джейн Бэннер қылмыстық тергеу жүргізеді. Кейіпкерлер бұл жерлердің қанмен былғанғанын білмейді-ау.

 

«Леди Макбет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2016

Режиссері: Уильям Олдройд

Жанры: драма

Рөлдерде: Флоренс Пью, Космо Джарвис, Пол Хилтон, Кристофер Фэйрбэнк

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Англия, XIX ғасыр. Кэтрин есімді қыз өзінен екі есе үлкен кісіге тұрмысқа шығуы тиіс. Бойжеткен тойдан кейін жас фермермен танысады. Ол жігіт күйеуінің қол астында жұмыс істейді екен. кейіпкерлер арасында сезім оты тұтанады.

 

«Күзетші»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2016

Режиссері: Ален Дерошер

Жанры: атыс-шабыс фильмі

Рөлдерде: Антонио Бандерас, Бен Кингсли, Лиам МакИнтайр, Габриэлла Райт,

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Эдди Диксон алаңсыз, тыныш өмір сүруді армандайды. Азамат адамдар арасындағы күйбеңнен арылып, сауда орталығына күзетші болып жұмысқа орналасады. Бірақ, бірінші күннен-ақ сұмдық оқиғаға тап болады. өлімнің куәсі болған кішкентай қыз Эддиден көмек сұрайды.

 

«Люмьерлер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 03.08.2017

Мемлекеті: Франция, 2016

Режиссері: Тьерри Фремо

Жанры: деректі фильм

Рөлдерде: Тьерри Фремо, Огюст Люмьер, Луи Люмьер, Мартин Скорсезе

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Деректі таспа кино өнерінің алғаш пайда болғандығын, ағайынды Люмьерлердің адамзат тарихындағы ең алғашқы фильмді түсіріп, кинематография негізін қалағандарын баяндап береді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер