È

Апта тұсаукесерлері: Анаға апарар жол

29 қыркүйектен бастап апта тұсаукесерлері

Қазақстандықтарды осы аптада жақсы жаңалық күтіп тұр. Өйткені прокатқа Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы шықты. алғаш рет фильм үлкен аудиторияға осы жлдың мамыр айында көрсетілген болатын. Сол кезде тарихи лентаны Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. .

«Анаға апарар жол»

Қазақстандық тұсаукесер: 29.09.2016

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Акан Сатаев

Рөлдерде: Әділ Ахметов, Аружан Джазильбекова, Алтынай Нөгербек

Жанр: драма

Ильясқа біраз қиындықтардае, сынақтан өтуге тура келеді, ол соғыстың да ауыртпалығын, тұтқында болудың азабын бастан өткереді. Оны осындай ауыртпалықтан аман алып қалған анасымен кездесетіндігіне деген сенім.

«Зачинщики»

Қазақстандық тұсаукесер: 29.09.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Джаред Хесс

Рөлдерде: Зак Галифианакис, Оуэн Уилсон, Кристен Уиг, Джейсон Судейкис, Кейт МакКиннон, Лесли Джонс, Мэри Элизабет Эллис, Джон Дэйли, Кен Марино, Девин Рэтрей

Жанр: комедия, криминал

Жасына қарай шектеу: до 16 лет

Банк қызметкері өзінің ашынасымен бірге банк тонауды ұйғарады. Инкассаторлық машинаға шабуыл жасап, олар 17 миллион долларды қолды етеді. Алайда тәжірибесіз ұрылар өздерін тауып алуға мүмкіндік беретін із қалдырып кетеді. қылмыскер жұп полициядан қашып жүріп, табыстарының қызығын көре ала ма?

«Дуэлянт»

Қазақстандық тұсаукесер: 29.09.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Алексей Мизгирёв

Рөлдероде: Пётр Фёдоров, Владимир Машков, Юлия Хлынина, Франциска Петри, Мартин Вуттке, Сергей Гармаш, Павел Табаков, Юрий Колокольников, Пьер Бурель, Петр Чубко

Жанр: драма

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Фильмнің сюжеті кәсіби дуэлянт жайлы. Оның жұмысы – өзге адамдар үшін қауіпті жекпе-жектерге қатысу.

«Любовь и пингвины»

Қазақстандық тұсаукесер: 29.09.2016

Елі: Франция, 2016

Режиссер: Мари Мадинье

Рөлдерде: Гийом Кане, Шарлотта Ле Бон, Ксавье Бовуа, Дэмиен Шапель, Патрик д’Асумсао, Анн Ле Ни, Жан Душе

Жанр: фантастика, драма, мелодрама, комедия

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Кристофи – зертхана қызметкері, ол біраздан бері Куинерге ғашық, ол жақында үлкен жаңалық ашпақ. Бірақ оның ұзақ жылдар бойғы қажырлы еңбегіне қауіп төніп тұр. Сол кезде Кристофи профессорға көмектеспек болып, препаратты өзіне-өзі сынап көрмек болды. Осы қадам оның Куинерге бір табан жақын болуына мүмкіндік бере ме әлде күтпеген жағдайға тап бола ма?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Рүстембеков

Режиссер

Әнуар Нұрпейісов

Актер