Апта тұсаукесерлері: Басқа әлемнен келген қонақтар
Желтоқсан қазақстандықтарды отандық фильмдермен қуантады. Осы айда шығатын фильмдердің көршілігі комедия жанрында түсірілген. «Пришельцы в ауле» картинасы да отандық көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлауға бағытталған. «Звёздные войны» табынушылары «Изгой-один: Звёздные войны. Истории» фильмінің тұсаукесерін асыға күтуде, ал ««Призрачная красота» фильмінің актерлық құрамымен таңғалдырады. Фильмді таңдап, өзіңізге ыңайлы кестесін «Бродвейдегі» кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.
Қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: Қазақстан, 2016
Режиссер: Бекзат Әлімбаев
Рөлдерде: Ербол Тлеукенов, Кенжебек Ниязов, Ербол Есендосов, Мадина Молдахметова
Жанр: фантастика, комедия
Жасна қарай шектеу: 12 жасқа дейін
Басқа ғаламшардан келгендер Жерге осыдан 20 жыл бұрын жоғалып кеткен ғалымды іздеп келген. ауылдардың бірінде олар криминалдық топты кезіктіреді, бұлар өзге ғаламшарлықтарға біршама мәселе туғызады. Бірақ сол кезде өзге ғаламшарлықтар Марат атты жігітпен танысады. Бұл жігіт оларға көмектсеседі. Шағын ғана ауылдың тұрғындарын шытырман оқиға күтіп тұр.
«Изгой-один: Звёздные войны. Истории»
_31s3.jpg)
қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Гарет Эдвардс
Рөлдерде: Фелисити Джонс, Мадс Миккельсен, Бен Мендельсон, Риз Ахмед, Женевьев О’Рейли, Диего Луна, Джеймс Эрл Джонс, Алан Тьюдик, Донни Йен, Форест Уитакер
Жанр: фантастика, боевик, шытырман оқиға
жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін
Жаңа фильмде 4-інші эпизод алдында болған оқиға жайлы баяндалады. Империя планетаны жойып жіберуге қауқарлы әскери станция салған. Бұған көнгісі келмеген повстанцтар альянсы Джин Эрсо жетекшілік ететін бөлімді Империяның құпия қаруының сызбасын тауып алуға аттандырады.

Қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Дэвид Фрэнкел
Рөлдерде: Уилл Смит, Кира Найтли, Кейт Уинслет, Эдвард Нортон, Наоми Харрис, Хелен Миррен, Майкл Пенья, Кайли Роджерс, Энрике Мурсиано, Тосико Онидзава
Жанр: драма
Жасына қарай шектеу: 14 жасқа дейін
Фильмнің басты кейіпкері Нью-Йоркте тұрады, жарнама агенттігінде жұмыс істейді. өзінің өмірінде болған трагедиядан кейін ол тұйықталып, ешкіммен араласқысы келмей, күйзеліске ұшырайды. Жігітке көмектесу үшін, оны аяғынан тік тұрғызу мақсатында достары мен әріптестері қызық жоспар құрады. Алайда алдын ала ойластырылған жоспардың бағыты өзгеріп, нәтижесі ешкім күтпегендей болып шығады.
«По Млечному Пути»

Қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: Сербия, Мексика, АҚШ, Ұлыбритания, 2016
Режиссер: Эмир Кустурица
Рөлдерде: Моника Беллуччи, Эмир Кустурица, Сергей Трифунович, Мики Манойлович, Байрам Севердзан, Зоран Цвиянович, Слобода Мичалович, Давор Янжич, Петар Мирчевски
Жанр: драма
Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін
Фильмнің сюжтеі серб жігітінің өмірі мен оның отанының үш кезең жайлы: соғыс, жеке басындағы қайғы-қасіреті, көп күттірген, әсерлі махаббаты.
Басты рөлде режиссердың өзі Эмир Кустурица және теңдессіз сұлу Моника Беллуччи ойнайды.
«Дары смерти»

қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: АҚШ, 2015
Режиссер: Шон Бирн
Рөлдерде: Итэн Эмбри, Шири Эпплби, Кьяра Гласко, Прюитт Тэйлор Винс, Крэйг Най, Марко Перелья, Орайн Ланда, Милинда Ройер, Дебора Эбботт, Тони Амендола
Жанр: қорқынышты жанр
жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін
Джесси мамандығы бойынша суретші. Ол өз отбасымен жаңа үйге көшіп келеді, бұл үй оны жаңа картиналар жазуға шабыттандырады. Бірақ Джессидің картиналары қорқынышты бола бастады. Оның картиналары арқылы басқа әлемнің қаскөйлері адамдар әлеміне еніп, балаларды ұрлайды.
«Демон внутри»

қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: Ұлыбритания, 2016
Режиссер: Андре Овредал
Рөлдерде: Эмиль Хирш, Брайан Кокс, Офелия Ловибонд, Майкл МакЭлхаттон, Олуэн Катрин Келли, Паркер Сойерс, Джейн Перри, Ив О’Хара
Жанр: қорқынышты жанр
жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Тони шағын қалада табытшы болып жұмыс істейді. Бір күні ол құпия түрде өлтірілген Джейн Доу деген қыздың мәйітін алады. Тони қыздың қалай өлгенін білгісі келеді. Бірақ осы істі ашқан соң ол қыздың өлімі жайлы ғна емес, өмірі жайлы құпияларды біледі.
«Хуже, чем ложь»

Қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Шинтаро Шимосава
Рөлдерде: Джош Дюамель, Энтони Хопкинс, Аль Пачино, Элис Ив, Малин Акерман, Ли Бён-хон, Джулия Стайлз, Глен Пауэлл, Маркус Лайл Браун, Леа МакКендрик
Жанр: триллер, драма
жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Жас заңгер ірі фармацевтикалық компанияның иесіне қарсы іс қозғайды. сонымен қатар ол өзі де бопсалау мен күштеушілер қатарына қосылады. Кейіпкер қандай жағдайға тап болды, мұны жақында көре аласыздар.
«Миссия: Неадекватна»

Қазақстандық тұсаукесер: 15.12.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Ларри Чарльз
Рөлдерде: Николас Кейдж, Венди МакЛендон-Кови, Рэйн Уилсон, Мэттью Модайн, Дэнис О’Хэр, Фиона Врум, Расселл Брэнд, Хилари Джардин, Уилл Сассо, Пол Шеер
Жанр: комедия
Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Гари Фолкнер – бұрынғы қылмыскер, ал қазір қарапайым азамат, ол өмірден өз орнын іздейді. Бір күні ол ауруханаға түсіп қалады, сол кезде оған жаратушы келеді. Құдай Гариға мынандай тапсырма береді: қауіпті террорист Усаме Бен Ладенді жою. Қысқа уақыттың ішінде ол шайқасу әдістерін, дельтапланда ұшуды үйреніп, кейін есекке отырып Исламабадқа баруы тиіс. Гаридің террористпен шайқасы бос әуре, өйткені бұл шайқаста тағы бір тарап бар.
Өзіңізді қызықтырған фильмнің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін