È

Апта тұсаукесерлері: Соғыс төніп келеді

2 қарашадан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада көптен күткен «Тор: Рагнарёк» фантастикалық таспасының тұсаукесері өтеді, ал «Құрысып қалған үйшік» картинасы детектив ханшайымы - Агата Кристидің жанкүйерлерін қуантпақ. Ең жас көрермендер «Фиксиктер: Үлкен құпия» мультфильмін тамашалай алады.


«Тор: Рагнарёк»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Тайка Вайтити

Рөлдерде: Крис Хемсворт, Том Хиддлстон, Кейт Бланшетт, Идрис Эльба

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Асгардтың соңғы шайқасы жақындап келеді, болжам бойынша бұл шайқас оны құртады-мыс. Тор Асгардты құтқару үшін Халктен көмек сұрайды. Қос кейіпкер отты жын Суртурға қарсы шығады, жын болжамның шындыққа айналуы үшін барын салады.

 

«Алаяқ дәрігер Нок»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.11.2017

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2017

Режиссері: Лоррэйн Леви

Рөлдерде: Омар Си, Алекс Лутс, Ана Жирардо, Сабин Азема, Одри Дана

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңы. Кішкентай француз қалашығына адамдарды емдеу мақсатымен Нок есімді дәрігер келеді. Алайда, қайырымды іс жәй ғана авантюра болып шықты: Нок мырза ешқандай да дәрігер емес, ол қалашықтың дені сау адамдары есебінен қалтасын толтыруды ғана ойлаған кәсіби алаяқ.

 

«Құрысып қалған үйшік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.11.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Жиль Паке-Бреннер

Рөлдерде: Кристина Хендрикс, Джиллиан Андерсон, Гленн Клоуз, Макс Айронс

Жанры: детектив, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1950-ші жылдар. Англия. Чарльз бен Софья үйлену тойына дайындалып жүр. Бірақ, көптен күткен мереке кейінге ауыстырылады, себебі Софьяның атасы қайтыс болады. Дәрігердің айтуынша, Леонидис у ішіп өлген. Шалға кімнің қастандық ойлағанын инспектор Тавенер білуге тырысады.

 

«Лайк үшін өлтіру»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.11.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Тайлер МакИнтайр

Рөлдерде: Джош Хатчерсон, Кевин Дюран, Никки Уилан, Розалинд Чао

Жанры: қорқынышты фильм, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жоғары сыныптың екі бойжеткені өздеріне назар аударғанды жақсы көреді. Қыздар әсіресе әлеуметтік желідегі танымалдылықты ұнатады. Бір күні сұмдық жағдай бейнеленген бейнежазбаға пікір қалдырған кейіпкерлер ғаламтор жұлдыздарына айналады. Бірақ, күн өткен сайын халық олардан одан да зорғысын талап етеді, сондықтан қыздар аңға шығады. Өмірлеріне кедергі келтіргендер ойындарының құрбанына айналады.

 

«Фиксиктер: Үлкен құпия»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Васико Бедошвили, Андрей Колпин, Иван Пшонкин

Рөлдерде: Дмитрий Назаров, Александр Пушной, Лариса Брохман, Дарья Колбасеева

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фиксиктер үнемі көмекке асығады: кез-келген нәрсені жөндеп, жасап бере алады. Бір күні кейіпкерлер тоқпен жылдам жүретін бір құрылғыны ойлап табады. Өздерінің жұмыстарын жеңілдеткен кейіпкерлер бұл құрылғының істен шығып, кейін қаланы талқандайтынын сезбеген еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер