È

Апта тұсаукесерлері: Кино районда

Апта тұсаукесерлері: 3 қарашадан бастап

Күздің соңғы айы қарашадағы прокат Ақан Сатаевтың жастарға арналған «Районы» драмасымен басталады. Осы аптадағы көптен күткен тұсаукесерлердің бірі «Девушка в поезде» бестселлерінің экрандалуы. Фильмдердің көрстеулі кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

«Районы»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: Қазақстан, 2016

Режиссер: Ақан Сатаев

Рөлдерде: Елтерес Нұржанов, Шәріп Серік, Нурик Қалдыбеков, Санұржан Сулейменов, Владимир Логинов, Марйам Сатаева, Жеңіс Омаров, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов, Азиз Бейшеналиев, Жанна Қуанышева, Гүлнар Дусматова

Жанр: криминал, боевик

Жасына қарай шекту: 16 жасқа дейін

Фильмнің сюжеті Алма-Атадағы 80-жылдарды қамтиды. Арсен отбасымен бірге аудан орталығынан астананың орталығына көшіп келеді. Ол мектепте жоғары сыныптар арасында балалардың түрлі топтарға бөлінетінін көреді. вместе с семьей переезжает из районного центра в столицу. В новой школе среди старшеклассников он видит разделение на подкасты. Жаңадан келген балалар өзінің сыныптастары Азамат және Хабибамен дос болады, олар өздерін «районның жігіттеріміз» деп атайды. Арсен оларға тез сіңіп кетеді, енді ол өзінің достарымен уақытын «районда» өткізеді. Мұнда ол көшедегі теңсіздікпен бетпе-бет келеді, криминал әлемінің әсерін, жігіттер арасындағы өз заңдарын түсіне бастайды.

«Девушка в поезде»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Тейт Тейлор

Рөлдерде: Эмили Блант, Ребекка Фергюсон, Лора Припон, Хейли Беннетт, Люк Эванс, Джастин Теру, Эллисон Дженни, Лиза Кудроу, Эдгар Рамирес, Марко Кака

Жанр: триллер, детектив

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Рэйчел вагонның терезесінен күнде коттеджде тұратын жұптардың өмірін бақылайды. Бірде бейтаныс әйел көрінбей жоғалып кетеді, ал Рэйчел өте қауіпті, ұзаққа созылған, әбден шатасып кеткен оқиғаға тап болады. Өйткені ол өзі ғана сол үйде не жағдай болғанына жалғыз куә болған еді.

«Расплата»

Қақзақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Гэвин О’Коннор

Рөлдерде: Анна Кендрик, Бен Аффлек, Дж.К. Симмонс, Джон Бернтал, Элисон Райт, Джон Литгоу, Джеффри Тэмбор, Синтия Аддай-Робинсон, Рон Йуан, Дег Ферч

Жанр: триллер, криминал

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Кристиан Вульф – қауіпті қылмыстық ұйымның аудиторы. Қаржы министрлігінің қылмыспен күрес бөлімінің басшысы Рэй Кинг бастаған топ оның ізіне түскен кезде Кристиан өзіне клиента табады. Ол компания робототехника өндірумен айналысады, бірде оның қызметкері бюджетте бірнеше миллионның жетпейтінін біліп қояды. Вульф іске кіріскен еді, құрбандар көбейіп кетеді. Аудитор Кингтен жасырынып қала ала ма?

«Большой собачий побег»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: Канада, Испания, 2016

Режиссер: Начо Ла Каза, Альберто Родригез

Рөлдерде: Мишель Хеннер, Дэни Ровира, Карлос Аресес, Джеймс Шоу, Фернандо Техеро, Хосе Мота, Бенхамин Натан-Серио, Frank Robledano

Жанр: мультфильм

Оззи атты төбеттің өмірі отбасы демалысқа кеткен кезде тозаққа айналады. иелері он тастап кеткен спа-қонақ үйі иттердің түрмесі болып шықты. өзінің жаңа достарымен бірге Оззи бұл жерден қашпақ болады, ол үшін өте сауатты жоспар құру керек.

«Комната разочарований»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Ди Джей Карузо

Рөлдерде: Кейт Бекинсейл, Mike Bizon, Чарльз Кэррол, Микаэла Конлин, Марсия Де Русс, Мелисса Иствуд, Дункан Джойнер, Элла Джонс, Майкл Лэндис, Дженнифер Ли Манн

Жанр: ужас, триллер, драма

Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін

Отбасының анасы ауылдық жерге көшіп кетеді. ол өзі барған үйдің тарихы тұңғиық, күңгірттеу екенін белід. Үйге әбден қан сіңген, ал бөлмелерде кішкене қыздың елесі кезіп жүреді. Басқа әлемге тап болған әйелге бұл әсерін тигізбей қоймайды, ол уақыт өте келе есінен адаса бастайды.

«Мой убийца»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Костас Марсан

Рөлдерде: Вячеслав Лавернов, Галина Тихонова, Федот Львов, Степан Федоренко, Илья Яковлев

Жанр: детектив, триллер

Жасына қарай шекету: 12 жасқа дейін

Кісі өлтіруге қатысты қылмысты зерттейтін жедел уәкіл Дьулус Дмитриев бір істі ашуға тапсырма алады: жас келіншек өзінің Якутсктегі үйінде кісі қолынан қаза тапқан. Күдікті – әйелдің бұрынғы көңілдесі. Ер адам өзінің қылмысын мойындағандықтан бөлім істі тез жауып тастайды. Алайда байқампаз Дьулус мұнда бір шикіліктің барын түсінеді. Жедел уәкіл әйелдің өткен өмірі оның туыстарына жайна қалдырмай жүргенін біледі.Сонымен Дмитриев қауіпті ойынға еріксіз кірісіп кетеді,ойынға оның өз өмірі тігілген.

«Источник»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Надежда Витальская

Рөлдерде: Иван Янковский, Валентина Колева, Роза Хайруллина, Александр Рапопорт, Павел Делонг, Светлана Нарышкина, Денис Курочка, Максим Заусалин, Игорь Черкашин, Яна Кошкина

Жанр: мелодрама

Жасына қарай шектеу:12 жасқа дейін

Иван жұмыс барысымен мегаполистен шағын қалаға көшіп келеді. Осы жерде ол Алена есімді қызға ғашық болып қалады. Алайда оның сезіміне қаалық әкімдік, өзінің ағасы мен келеңсіз жағдайлар кедепргі болады.

«Танцовщица»

Қазақстандық тұсаукесер: 03.11.2016

Елі: Франция, Бельгия, Чехия, 2016

Режиссер: Стефани Ди Джусто

Рөлдерде: Стефани Соколински, Гаспар Ульель, Мелани Тьерри, Лили-Роуз Мелоди Депп, Франсуа Дамиенс, Луи-До де Ланкесэ, Аманда Пламмер, Дени Меноше, Чарли Морган, Тэмзин Мёрчант

Жанр: драма, биография, музыка

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

1887 жылы Нью-Йоркте сахнада билеп жатқан кезінде жас қыз Мария-Луиза өзінің көйлегіне оралып қалып, матамен бірге айналады, бұл қарапайым билерге қарағанда ерекше шығады. Таңғалған көрермендер бидің жаңа бағыты модерннің пайда боуына куәі болды. Осы оқиғадан кейін Мария-Луиза Лои Фуллерге – өз заманының иконасына айналды. Оның шығармашылыған ағайынды Люмьерлер бас иген. Оның атақты көбелектер биі Гранд Операда қойылған. Алайда Фуллердің Айседора Дунканменг кездесуі оның атағына, махаббатына, би өнеріндегі бағытына кедергі болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер