È

Аптадағы тұсаукесерлер: Жаз, музыка және бостандық

7 маусымнан басталатын аптадағы тұсаукесерлер

80-жылдардағы Ленинград, жас Виктор Цой, Крис Пратт динозавр үйретуші рөлінде, ессіз терроршы және отбасылық қарғыс – осының барлығы көрерменді осы аптада күтеді. Киномандарға айналым жаңалықтарымен танысуды ұсынамыз.

 

«Жаз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Кирилл Серебренников

Рөлдерде: Тео Ю, Роман Билык, Ирина Старшенбаум, Филипп Авдеев, Юлия Ауг

Жанры: өмірбаян, музыка

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Оқиға 1981 жылы жазда Ленинградта болған. Сюжетте 19 жасар Виктор Цой «Зоопарк» тобының үздігі, 26 жасар Майк Науменкомен және оның жары Натальямен танысады. Музыкаға деген махаббат, жастық шақ пен үлкен үміт – осы оқиға кейіпкерлерін біріктіретін дүниелер.

 

«Юрск кезеңі әлемі 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.05.2018

Мемлекеттері: АҚШ, Испания, 2018

Режиссері: Хуан Антонио Байона

Рөлдерде: Крис Пратт, Тед Левайн, Тоби Джонс, Даниэлла Пинеда

Жанры: фантастика, шытырман, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Динозаврлар кезінде танымал демалыс ойын саябағы болған жер - Нублар аралын толықтай жаулап алды. Алайда, алыптардың бейбіт өміріне қауіп төнеді – әне-міне дегенше көне вулкан оянуы мүмкін. Саябақтың бұрынғы қараушысы Клэр динозаврларды уайымдап, соларды құтқаратын жоспар ойластырады. Ол көмекке жаттықтырушы Оуэнді шақырады.

 

«Алғашқылар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Дмитрий Суворов

Рөлдерде: Наиль Абдрахманов, Алина Ланина, Евгений Ткачук, Данила Якушев

Жанры: драма, тарих

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

I Петр Ресей империясының солтүстік шекарасына экспедиция өткізу туралы бұйрық береді. Офицер Василий Прончищев басқаратын жасақтардың бірі Енисей мен Лена өзенінің бойына қарай адымдайды. Саяхатқа Прончищевтің жары Татьяна да сұранады. Кейіпкерлер ғажап жаңалықтарға және қауіпке толы жолды өткереді.

 

«Тарату туралы шешім»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.05.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Александр Аравин

Рөлдерде: Игорь Петренко, Алексей Вертков, Аюб Цингиев, Дмитрий Парастаев

Жанры: әскери, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

ФҚҚ-нің ең қауіпті әрі қатал лаңкес Шамиль Базгаевты қолға түсіру операциясы нәтижесіз болады. Бірақ, жауынгерлер үздігі ең мықты қаруды иемденген кезде, арнайы топ бар күшін жұмсауды ұйғарады. Қатерлі тәуекел – оларды күтетін аз ғана дүние. Бұл жолы жедел қызметкерлерге қателесуге болмайды.

 

«Реинкарнация»

Қазақстандағы тұсаукесер: 07.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Ари Астер

Рөлдерде: Тони Коллетт, Алекс Вулф, Энн Дауд, Милли Шапиро

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Энни Грэхем өзі ойлағандай, қарапайым отбасында өскен. Алайда, анасы қайтыс болған соң, қорқынышты жағдайлар орын ала бастайды. Нағыз өмір бұрынғының көлеңкесі екенін түсінген Энни шыққан тегін көбірек білуге талпынады. Отбасы ұзақ жылдар бойы нені құпия сақтады екен?

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер