È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ғашық болсаң айырылысуға болмайды

26 қазаннан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл апта киномандарға ұмытылмас әсер сыйламақ. Экранға «Ара 8» фильмі арқылы маньяк қанішер Джон Крамер қайта оралады, сондай-ақ «Скайлайн 2» ғаламшарлықтардан Жерді қорғау аңызы жарыққа шығады. Көрермендерді «Аға ма әлде неке ме?» отандық комедиясы ерекше таң қалдырмақ, оған еліміздегі танымал актерлар түскен.


«Аға ма әлде неке ме?»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Ернар Нұрғалиев

Рөлдерде: Құралай Анарбекова, Дәурен Серғазин, Мұрат Бисенбин, Тәуекел Мүсілім, Нұрлан Сабыров, Әбунасыр Серіков

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Айдар сүйіктісі Гаухарға ұсыныс жасауды ұйғарады. Бойжеткен келіседі. Бірақ, үйлену тойына дайындалмас бұрын Айдар Гаухардың бес ағасымен танысып, көңілдерінен шығуы тиіс. Фильм кейіпкерін қызықты оқиғалар күтіп тұр, ал соңы көрермендерді ерекше таң қалдырмақ.

 

«Ара 8»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекеттері: АҚШ, Канада, 2017

Режиссерлері: Майкл мен Питер Спириг

Рөлдерде: Мэтт Пассмор, Тобин Белл, Кле Беннет, Ханна, Андерсон

Жанры: қорқынышты фильм, триллер, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Қайтадан топтық өлім орын алды. Табылған деректер Ара лақап атымен танымал Джон Крамерді нұсқайды. Бірақ ол бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Мүмкін, біреу Джон дәстүрін жалғастырып, кінәлілерді жазалауға көшкен шығар? Бірақ ол кім? Мұны тергеудің арнайы бөлімі білуге тырысады.

 

«Матильда»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Алексей Учитель

Рөлдерде: Михалина Ольшанска, Ларс Айдингер, Луиза Вольфрам, Данила Козловский

Жанры: драма, тарих, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Николай II – Романов әулетінің өкілі, соңғы орыс императоры үлкен қателік жасайды. Монарх Мариин театрының балеринасы Матильдаға ғашық болады. Екеуінің арасындағы махаббат күннен күнге өрши түседі, бірақ нәтижесі қауіпті болады.

 

«Біз - құбыжықтар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекетері: Ұлыбритания, Германия, 2017

Режиссері: Хольгер Таппе

Рөлдерде: Эмили Уотсон, Джейсон Айзекс, Ник Фрост, Эмма Тейт

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Уишбоун жанұясы қарапайым өмір сүреді: жемалыс күндері қыдыру, дүкенге бару секілді күнделікті тұрмыс-тіршілік. Алайда, Дракуламен кездесудің нәтижесінде өмірлері күрт өзгереді. Әкесі Франкенштейнге, анасы қанішерге, ал балалары мумия мен құбылғыш бейнеге айналып кетеді. Бұл сиқырдан арылу үшін отбасы мүшелері бірігіп, Дракуламен күресуі тиіс.

 

«Шанхайлық тасымалдаушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекеттері: Қытай, АҚШ, 2017

Режиссері: Чарльз Мартин

Рөлдерде: Орландо Блум, Линн Хун, Саймон Ям, Син Юй

Жанры: атыс-шабыс, комедия, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дэнни Стратон жекеменшік күзет мекемесінде агент болып жұмыс істейді. Бір күні оған жаңа тапсырма жүктеледі, яғни ол бір антиквариатты Шанхайдан Лондонға жеткізуі керек. Бірақ, жол бойында Дэнни тобымен бірге торуылға кезігіп, құнды заттан айырылып қалады. Кейіпкер қарақшыларды іздеу үшін жұмбақ сойқанды шешуге тырысады.

 

«Скайлайн 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.10.2017

Мемлекеттері: Индонезия, Канада, АҚШ, 2017

Режиссері: Лайам О`Доннелл

Рөлдерде: Фрэнк Грилло, Ико Уайс, Каллэн Мулвей, Джек Чоссе

Жанры: қорқынышты фильм, қиыл-ғажайып фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жерге достық қарым-қатынасты қаламайтын бір қонақтар келеді. Миллиондаған адамдар тура көшеден жоғалып кетіп жатады. Осылайша, детективтің ұлы да ғайып болады. Еркек баласын іздеу мақсатымен дұшпандар кемесіне барады да, осыншалықты аласапыранды тоқтатуға тырысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер