È

Аптадағы тұсаукесерлер: Күтпеген соңы

2 тамыздан басталған апта тұсаукесерлері

Басты рөлді Джессика Честейн сомдайтын «Слоунның қауіпті ойыны» триллері отандық экранға қарай асығуда. Фильм жағымды пікірлерге ие болып қана қоймай, актрисаға үздік әйел рөлі үшін «Алтын Глобус» жүлдесін сыйлады. Қазақстандықтарға «Кристофер Робин» отбасылық драмасы мен «Қиямет түні. Бастама» қорқынышты фильмінің де ұнайтыны анық.

 

«Слоунның қауіпті ойыны»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеттері: Франция, АҚШ, 2016

Режиссері: Джон Мэдден

Рөлдерде: Джессика Честейн, Джон Литгоу, Элисон Пилл, Аарон Хейл

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 17 жасқа дейін

Элизабет Слоун барлығына оппоненттерді жеңіл ысыра салатын тамаша лоббиші ретінде танымал. Кезекті жұмысына кіріскен Слоун қандай құрбандыққа баратынын білмеген еді. Қауіпті ойын осы жолы немен аяқталар екен?

 

«Еуропадағы ерлер кеші»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеттері: Франция, Бельгия, 2018

Режиссері: Ксавье Жанс

Рөлдерде: Алиск Пуасон, Алис Белаиди, Маню Пайе, Джонатан Коэн

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Винсент пен Арно – жеке кәсіп ашуды армандайтын достар. Ортақ жолдастарының ерлер кешінде екеуі стриптиз билеуші қызбен танысады, ол бойжеткен тамаша қала Будапешт жайлы әңгімелейді. Уақыт өте келе Винсент пен Арно Будапештте ерлер кешін ұйымдастыру идеясымен ауырады.

 

«Кристофер Робин»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Марк Форстер

Рөлдерде: Хейли Этвелл, Тоби Джонс, Брэд Гэррет, Питер Капальди

Жанрыы: фэнтези, драма

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Есейген Кристофер Робин күнделікті күйбеңмен өмір сүреді. Бір күні ескі досы – қондық Винниді жолықтырады. Қонжық көмек сұрап келіпті, яғни Стоакров орманындағы тұрғындарды іздеп табу керек. Робин мен Винни ғажайып саяхатқа аттанады, соңында әрқайсысы бақытқа ие болады.

 

«Қиямет түні. Бастама»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Герард МакМюррей

Рөлдерде: И`лан Ноэль, Лекс Скотт Дэвис, Патрик Дарро, Мариса Томей

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Экономикалық дағдарыстан кейін елде қылмыс көбейді. Дәрігер Мэй Апдэйл басшылығындағы билік ұрлықтан өлімге дейінгі барлық қылмысты бір түнге ресмилендіруді жөн көреді. Статен-Айленд қалашығы және оның тұрғындары осы әлеуметтік тәжірибені алғашқылардың бірі болып көреді.

 

«Готти кодексі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеттері: Канада, АҚШ, 2018

Режиссері: Кевин Конноли

Рөлдерде: Джон Траволта, Келли Престон, Спенсер Лофранко, Эшли Кусато

Жанры: драма, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Джон Готти қылмыстық әлемнің төменгі жағынан ең биікке өрледі. Оның отбасы - Нью-Йорктегі ең бай әрі ең беделділердің бірі. Өз құзіретін баласына беруді ұйғарған Готти қарсылыққа кезігеді. Кіші Готти жеке жолын таңдады. Ол әкесінің айтқанымен жүргісі келмейді.

 

«Тыңшы ойыны»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Бен Луин

Рөлдерде: Пол Радд, Марк Стронг, Гай Пирс, Сиенна Миллер

Жанр: триллер, шытырман

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Мо Берг – танымал бейсболшы, ол Екінші дүниежүзілік соғысты көреді. Оның бір қалыпты өмірі тек соғыстың келуімен ғана емес, Стратегиялық қызмет басқармасы агенттерімен серіктесі арқылы өзгереді. Берг атом жарылысын жасайтын Вернер Гейзенбергті алып тастау үшін фашистік Германияға баруы тиіс.

 

«Аш Z»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеті: Канада, 2017

Режиссері: Робин Обер

Рөлдерде: Монья Шокри, Марк-Андре Гронден, Мишлен Ланкто

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Квебекке жақын жерде, кішкентай ауылда белгісіз індет жүреді. Жергілікті тұрғындар бір-біріне тап беріп, денелері шіри бастады. Індет жұқтырмағандар тобы тез арада ауылдан кетуге тырысып, орманнан пана іздейді.

 

«Жануарлар әлемі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 02.09.2018

Мемлекеті: Қытай, 2018

Режиссері: Хань Янь

Рөлдерде: Ли Ифэн, Майкл Дуглас, Цао Бинкунь, Эрик Хейз

Жанры: драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – сайқымазақ болып жұмыс істейтін актер. Анасының денсаулығының нашарлауына байланысты ол жақсы төлемақы үшін құмар ойынға қатысуға мәжбүр болады. Бірақ ойын мен оның қатысушылары өзі ойлағандай зиянсыз емес екен. Барлығының ұстанатын жалғыз ережесі – өлтір немесе өзің өлесің.

 

Барлық киножаңалықтардың кестесін афишадан көре аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер