È

Аптадағы тұсаукесерлер: Таза іштарлық

20 сәуірден басталған аптадағы тұсаукесерлер

Сәуір айының үшінші аптасы әр түрлі жастағы көрермендерге арнап түрлі жанрдағы фильмдерді дайындады. Қазақстандықтарға «Секретный агент» атыс-шабыс фильмі, «Мухаммад: Посланник бога» биографиялық таспасы, «Кухня: Последняя битва» комедиясы және т.б. қызықты картиналар ұсынылатын болады.

 

«Кухня: Последняя битва»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: Ресей, 2017

Режиссері: Антон Федотов

Рөлдерде: Дмитрий Нагиев, Дмитрий Назаров, Олег Табаков, Сергей Лавыгин

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Виктор Баринов өзінің сенімді тобымен кәсіби аспаздар арасында өтетін әлем чемпионатына барады. Кейіпкер ол жақта күтпеген жағдайларға тап болады, соның бірі хакер-ұлы Иван. Бозбала оның тобында болуға тиісті екенін әкесіне дәлелдегісі келеді.

 

«Секретный агент»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Майкл Аптед

Рөлдерде: Нуми Рапас, Джон Малкович, Орландо Блум

Жанры: триллер, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі:16 жасқа дейін

Басты кейіпкер – әлемдік деңгейдегі агент. Құпия мәліметтерді біліп қойған ол әріптестерінің көздеген нысанасына айналады. Кейіпкер Лондонға бағытталған биохимиялық шабуылды тоқтату мақсатында қашып кетуге тырысады. Басты бүлікшіні табу үшін ол қауіпті ойын бастайды.

 

«Наваждение»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Дениз Де Нови

Рөлдерде: Уитни Каммингс, Кэтрин Хайгл, Розарио Доусон, Митч Силпа

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Бір кездері Тесса мен Дэвид бақытты отбасы болатын. Алайда, араларында күтпеген жағдай орын алып, екеуі екі бөлек кетеді. Енді Тесса Дэвидтің Джулиямен қалай жаңа өмір бастайтынын бақылап отырады. Жұп бақытты болашақтан үмітті. Бірақ, Тесса оңай берілмейді. Кейіпкердің қызғанышы шектен шығып кетеді.

 

«Мухаммад: Посланник бога»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: Иран, 2015

Режиссері: Маджид Маджиди

Рөлдерде: Дариуш Фарханг, Саре Байат, Сиамак Абид

Жанры: биографиялық, тарихи, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Картинада кезең бойынша Мұхаммед Пайғамбардың өмірі суреттеледі. Сондай-ақ, фильмде Бадр мен Ухудтағы майдан секілді ұлы шайқастар көрсетіледі. Ислам Пайғамбардың бейнесін көрсетуге тыйым салғандықтан, кейіпкер көрсетілмейді.

 

«Урфин Джюс и его деревянные солдаты»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: Ресей, 2016

Режиссерлері: Владимир Торопчин, Дарина Шмидт, Федор Дмитриев

Рөлдерде: Сергей Шнуров, Константин Хабенский, Дмитрий Дюжев

Жанры: мультфильм, отбасылық, оқиға

Жас шектеуі: шектеу жоқ

Жауыз Урфин Джюс Изумрудты қаланы басып алуға шақ қалды. Ол Сиқырлы мемлекеттің басшысы болуды көздеп жүреді. Зұлымды тоқтату аяқ-астынан осы елге тап болған кішкентай Элидің ғана қолынан келеді. Оның жақын достары әрі қорғаушылары Страшила, Дровосек пен Лев болады.

«Видели ночь»

Қазақстандағы тұсаукесер: 20.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2017

Режиссері: Гэвин Вьесен

Рөлдерде: Эмиль Хирш, Анали Типтон, Джон Басс, Джон Дэйли

Жанр: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мартин Джиннимен ажырасқан соң қатты қиналады. Оның өмірі быт-шыт болды. Бір күні оның табалдырығының алдында Джиннидің әкесі Галло мырза келеді. Ер азамат қызымен байланыса алмай, Мартин ғана көмектесе алады деп ойлайды. Галло мырза Мартиннен көмектесуін өтінеді. Осылайша, кейіпкерлер ұмтылмас түнгі оқиғаны бастан кешеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер