Апта тұсаукесерлері: Атаққұмарлар
Қазақстандық прокатқа «Охотники за привидениями» фантастикалық атыс-шабыс фильмі шығады. Өз отанында фильм бір аптада проката 46 миллион доллар пайда тапты. Картинаны Қазақстанда қандай жетістік күтіп тұр, мұны келесі аптадағы бокс-офистен біле аласыздар. Әзірге жаңа фильмдермен танысып, алдағы демалыстарыңызды жоспарлай аласыздар.
«Охотники за привидениями»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі, АҚШ, 2016
Режиссер: Пол Фиг
Рөлдерде: Крис Хемсворт, Мелисса МакКарти, Кристен Уиг, Кейт МакКиннон, Чарльз Дэнс, Сигурни Уивер, Билл Мюррей, Лесли Джонс, Элизабет Перкинс, Энни Поттс
Жанр: фантастика, боевик, комедия
Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Бұрынғы құтқарушылар елестердің жаңа шабуылына төтеп бере алар емес. Олар бүкіл өмірін түсініксіз құбылыстарды зерттеуге арнаған мамандардан көмек сұрауға мәжбүр болады. Қыздардан құрылған батыл топ қаланы елестердің қара күшінен құтқаруға тырысады.
Режиссер Пол Фигтің жоспары бойынша фильмде актриса Ребел Уилсон («Идеальный голос») және Дженнифер Лоуренс («Голодные игры») ойнауы керек болатын.
«Пеле: Рождение легенды»
_wf74.jpg)
Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссерлері: Джефф Цимбалист, Майкл Цимбалист
Рөлдерде: Винсент Д’Онофрио, Родриго Санторо, Диего Бонета, Колм Мини, Сеу Жоржи, Андре Маттос, Свен Холмберг, Тоня Корнелисс
Жанр: драма, биография, спорт
Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Спорттық биографиялық драма атақты футболшы Пеле туралы. Көрермендер спортшының үлкен танымалдыққа жетуі үшін қандай қиындықтардан өтуіне мәжбүр болғанын көре алады. Жастайынан футболшы өзінің мақсатына сенімді түрде қадам басты. Фильмде Пеленің алғашқы жетістіктері мен сәтсіздіктері көрсетіледі, алайда тағдырдың небір тәлкегіне қарамастан спортшы қайта көтеріліп, үлкен нәтижелерге жетті.
«Мишки Буни: Тайна цирка»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі: Қытай, 2016
Режиссер: Динг Лианг
Рөлдерде: Чжан Вэй, Хин Йуан
Жанр: мультфильм, отбасылық, комедия
Жасына қарай шектеу: 6 жасқа дейін
Кейде атақ-даңқ адал достарды айырбастайды. Бірақ кейде жақсы достарсыз танымалдықтың жағымсыз жақтарымен күресудің қиын екенін түсінесің. Мұнда үлкен құпия бар.
«Судная ночь 3»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі: АҚШ, Франция, 2016
Режиссер: Джеймс ДеМонако
Рөлдерде: Элизабет Митчелл, Фрэнк Грилло, Майкелти Уильямсон, Итэн Филлипс, Эдвин Ходж, Кимберли Хоу, Терри Серпико, Джозеф Джулиан Сория, Кайл Сикор, Стефани Энн Сондерс
Жанр: боевик, ужасы
Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін
Үшінші қиямет түні. Дүниенің төрт бұрышынан емін-еркін өмір сүру үшін Америкаға туристер ағылады. Түн жарымынан асқанда барлық қылмыс, тіпті адам өлтіргендердің өзі жазаланбайды, тек таң атқанша өмір сүру керек.
«Йоганутые»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі: АҚШ, 2016
Режиссер: Кевин Смит
Рөлдерде: Наташа Лионн, Джонни Депп, Харли Куинн Смит, Хэйли Джоэл Осмент, Кевин Смит, Лили-Роуз Мелоди Депп, Остин Роберт Батлер, Тайлер Пози, Джастин Лонг, Дженезис Родригез
Жанр: қорқынышты фильмдер, фэнтези, триллер, комедия
Жасына қарай шектеу: 16 жасқа дейін
Манитоба қаласының тұрғындары дос қыздар Колин Колетт және Колин МакКензи йогамен айналысады. Мектептен кейін олар ақша жинау үшін дүкенде жұмыс істейді. Жұмыстары өздеріне аса ұнамайды. Бірақ қыздарға енді зерігетін уақыт жоқ. Оларға жоғары сынып оқушыларының ойын-сауық кешін бүлдіргісі келетін құпия қара күштермен күресуге тура келеді. Қыздар бүұлинки Билл»

Қазақстандық тұсаукесер: 28.07.2016
Елі: Австралия, АҚШ, 2015
Режиссерлер: Дин Тейлор, Ноэль Клири, Алекс Стадерманн
Рөлдерде: Робин МакЛиви, Тони Коллетт, Руфус Сьюэлл, Райан Квантен, Дэвид Уэнэм, Ричард Роксбург, Бэрри Хамфриз, Дебора Мэйлман, Бэрри Отто, Фин Эдквист
Жанр: мультфильм,шытырман оқиға, отбасы
Сүйкімді қалталы аю Блинки Билл өзінің адал достары кенгурулармен, қалталы тышқандармен бірге әкесін іздеу үшін қауіпті сапарға шығады.
Блинки Билл туралы толықметражды алғашқы анимациялық фильм экранға 1992 жылы шыққан болатын.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін