È

Апта тұсаукесерлері: Үміт аралы

Апта тұсаукесерлері: Үміт аралы

Көктем меркелері қарсаңындапрокатқа «Superалиби» романтикалық комедиясы, «Отцы и дочери» драмасы және Конг: Остров черепа» фантастикалық фильмі шығады.

«Конг: Остров черепа»

Қазақстандық тұсаукесер: 09.03.2017

Елі: АҚШ, Вьетнам, 2017

Режиссер: Джордан Вот-Робертс

Рөлдерде: Том Хиддлстон, Тоби Кеббелл, Бри Ларсон, Джон Гудман

Жанр: фантастика

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Оқиға XX ғасырдың 70--інші жылдары болған. Бас кейіпкер жоғалып кеткен бауырын іздеп құпияға толы Бассүйек аралына аттанады. Экспедиция мүшелері қорқынышты құюыжықтар мекен ететін қауіпті мекенді ашады.

«Superалиби»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.03.2017

Елі: Франция, 2017

Режиссер: Филипп Лашо

Рөлдерде: Филипп Лашо, Жюлбен Аррути, Элоди Фонтан,Тарек Будали

Жанр: комедия

Жасына қарай шекету: 18 жасқа дейін

Грег - алиби жасау агенттігінің негізін қалаушы. Егер әйеліңнен тығылып футболға баратын болсаң, отбасылық демалыстан сытылыпи кеткің келсе, мұнымен Грег компаниясы айналысады. Күндердің күнінде бас кейіпкер өзінің арманындағы қызды, яғни Флоны кезіктіреді. Қыз Грегтің жұмысына қалай қарайды, кезекті тапсырыс немен аяқталады? Өзінің өтірігіне өзі шырмалып қалмау үшін Грегке еңбектенуге тура келеді.

«Т2 Трейнспоттинг»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.03.2017

Елі: Ұлыбритания, 2017

Режиссер: Дэнни Бойл

Рөлдерде: Юэн МакГрегор, Юэн Бремнер, Роберт Карлайл, Джонни Ли Миллер

Жанр: драма, комедия

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Жиырма жыл өткеннен кейін бұрынғы нашақор Рентон үйіне, достарына оралады. Ескі достары Кочерыжка, Кайфол және Бегби оны қайта қабылдауға дайын. Бірақ Рентон осы жолы немен, не үшін күресу керектігінен хабарсыз.

«Отцы и дочери»

Қазақстандық тұсаукесер: 09.03.2017

Елі: Италия, АҚШ, 2015

Режиссер: Габриэле Муччино

Рөлдерде: Аманда Сайфред, Рассел Кроу, Аарон Пол

Жанр: драма

Жасына қарай шектеу: 18 жасқа дейін

Кейт - белгілі жазушы Джейк Девистің қызы. Жол апатынан кейін оның анасы қайтыс болады, ал әкесі мүгедек болып қалады. Араға 27 жыл салып табысты психолог Кейти қиындықтарға тап болады: оның бұрынғы өмірін қайта-қайта есіне алуы қазіргі өміріне әсерін тигізеді. Оны күйзелістен құтқаруға Кэмерон тырысады, ол Джейк Девис шығармашылығының табынушысы.

«Айдаһарлардың әміршісі»

Қазақстандық тұсаукесер: 09.03.2017

Елі: Украина, 2016

Режиссер: Манук Депоян

Рөлдерде: Василий Вирастюк, Руслана Писанка, Виктор Андриенко.

Жанр: мультфильм

Жасына қарай шекету: шектеусіз

Кішкентай Никита атақты батырдың баласы ерлік жасауға ұмтылады. Тағдыр оған осындай мүмкіндікті сыйлады: ол сиқырлы әлемге тап болады, мұндағылардың бәрі аузынан от шашатын айжаһардан қорқады. Никитаға батыл болып, қатігезді жеңу үшін өз әдісін ойлап табуы керек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Төлеубек Аралбай

Актер