È

Аптадағы тұсаукесерлер: Қорқынышыңа тіке қара

25 қазаннан басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Американдық Хэллоуин мерекесі қарсаңында киномандарды «Жеңілген жер», «Ол сол жерде», «Репродукция» сынды хоррор жанрындағы фильмдер күтуде. Романтика мен драма жанкүйерлері де қуанып қалатын болды, себебі айналымға «Махаббат» кафесі», «Қажымас» және «Үйге екі билет» атты картиналар шықпақ.

 

«Махаббат» кафесі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Асқар Ұзабаев

Рөлдерде: Ерке Есмахан, Шәріп Серік, Қылышбек Қасымбеков, Дариға Бадықова, Саттар Ерубаев, Әбунасыр Серіков

Жанры: романтикалық комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Шыңғыс есімді жас жігіт қашып жүр. Өзіне қастық ойлап жүргендерден жасырынып жүрген жігіт кішкентай дәмханаға аспаз болып орналасады. Мекеменің иелері оны жақсы қарсы алады, ал Шыңғыс басқа адам болып көрініп, өзінің жақсы қасиеттерін ашады. Тек қылмыстық өткені оны жібермейді.

 

«Қажымас»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Константин Максимов

Рөлдерде: Андрей Чернышов, Владимир Епифанцев, Сергей Горобченко, Олег Фомин, Николай Добрынин, Василий Седых, Владимир Кочетков, Василий Степанов, Ольга Погодина

Жанры: әскери, драма, тарихи

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм шынайы оқиғаларға негізделген. Командир Сергей Коновалов «КВ-1» экипажымен бірге дұшпандардың 16 танкісін, 2 бронекөлікті және 8 автокөлікті бұза алды. Бұл - отан үшін ерлік жасаған жауынгерлер жайлы хикая.

 

«Смолфут»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлары: Кэри Киркпатрик, Джейсон Рейсиг

Рөлдерде: Зендая, Ченнинг Татум, Джина Родригез, Дэнни ДеВито, Джеймс Корден, Яра Шахиди, Коммон, Леброн Джеймс, Джимми Татро, Эли Генри

Жанры: комедия, мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Жас йети адамды жолықтырады, енді ол «смолфуттардың» шынында да бар екеніне сенеді. Ашқан жаңалығының арқасында ол танымал болып, ғашығының жүрегін жаулап алады. Енді басқа йетилер де «смолфутты» көруге асығып, солардың әлемінің ар жағында не бар екенін білгілері келеді.

 

«Хантер киллер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Данован Марш

Рөлдерде: Гари Олдман, Линда Карделлини, Джерард Батлер, Тоби Стивенс, Тейлор Джон Смит, Микаэл Нюквист, Кэролайн Гудолл, Коммон, Райан МакПартлин, Майкл Трукко

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

«Хантер киллер» субмаринасы АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерімен бірге қауіпті іске кіріседі. Олар сатқын адмиралдың тұтқынына айналған Ресей президентін құтқаруға тырысады.

 

«Ана мен Бруно»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Мексика, 2018

Режиссері: Карлос Каррера

Рөлдерде: Марина Де Тавира, Дамиан Алькасар, Эктор Бонилья, Сильверио Паласиос, Маурицио Исаак, Галья Майер, Рикардо Эскерра, Рехина Ороско, Хульета Эгуррола, София Альварес

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: жоқ

Ана – ерекше қыз. Ол медициналық мекемеде тұрады және бойларында жындары бар адамдарды көреді. Анасын психикалық ауруханадан шығарып алу үшін, ол ешкім көрмейтін жындармен бірге шытырман оқиғаға аттанады.

 

«Үйге екі билет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Дмитрий Месхиев

Рөлдерде: Мария Скуратова, Сергей Гармаш, Камиль Хардин, Евгений Ткачук, Наталья Суркова, Ирина Рахманова, Ирина Розанова, Роман Агеев, Валерий Болданюк

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжетте - стюардесса болуды армандайтын Люба Васнецова. Ол тұл жетім, интернатты аяқтаған соң, оған пәтердің кілті табысталады. Жаңа өмір оған тамаша болып көрінеді, кенеттен ол әкесінің тірі екенін біледі де, әкесін іздеуге кіріседі.

 

«Қалай мектепке бармай қалып, уақытты пайдалы өткізуге болады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Николя Ванье

Рөлдерде: Франсуа Клюзе, Эрик Элмоснино, Франсуа Берлеан, Валери Карсенти, Томас Дюран, Фридерик Сорель, Урбен Канселье

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: жоқ

Фильмдегі оқиға 1930 жылы өрбиді. Жетім Пауль ақкөңіл әйел мен оның қатал күйеуінің қолына түседі. Бір күні бала ескі аңшымен танысып, браконьерліктің құпияларын зерттеуге кіріседі.

 

«Жеңілген жер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Надежда Михалкова

Рөлдерде: Анна Михалкова, Алексей Дякин, Ирина Мартыненко, Алексей Мартынов, Никита Еленев, Сергей Городничий, Валентина Ляпина, Анастасия Акатова, Арам Вардеванян, Ольга Озоллапиня

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Орта мектеп оқушыларының арасында мынадай аңыз бар: киноға «жеңілген жерге» билет сатып алған адам өлім құшады. Өлімге дейін бұл «ертегіге» ешкім сенбеген еді, бірақ табылған мәйіт жасөспірімдердің жеке тергеу жұмыстарын жүргізуіне әкеп соғады.

 

«Қуыршақшы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Куинн Лэшер

Рөлдерде: Ивонн Страховски, Анна Пнёвски, Эбигейл Пнёвски, Райан МакДональд, Джастин Бруенинг, Джулиан Бэйли, Стефани Коста

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжетте екі қызымен көлдің жағасындағы үйге демалуға келген әйел сипатталады. Кешке жақын кішкентай өзін нашар сезінеді. Белгілі болғандай, қыздар орманда жайылып тұрған дастарханнан тамақ жеген. Енді оларға қауіп төніп тұр, өйткені сол маңдағы маньяк олардың осында екенін біледі.

 

«Репродукция»

Қазақстандағы тұсаукесер: 25.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джеффри Начманофф

Рөлдерде: Киану Ривз, Элис Ив, Эмили Элин Линд, Томас Миддлдитч, Джон Ортис, Эмджей Энтони, Няша Хатенди, Ария Лайрик Либу, Эмбер Таунсенд, Эмбер Ривера

Жанры: триллер, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм сюжеті апат кезінде отбасынан айырылған биологтың айналасында өрбиді. Жақындарын қайтарып алуға тырысқан ғалым өлім мен өмірдің заңдылықтарын бұза отыра, жеке тәжірибесін жасауға кіріседі.

 

Ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер