È

Аптадағы тұсаукесерлер: Шынайы өтірік

Аптадағы тұсаукесерлер: Шынайы өтірік

Осы аптада бірнеше атыс-шабыс жанрындағы фильм мен комедиялық таспалар айналымға шықпақ. Көрермендер экран арқылы «Перестрелка» қылмыстық оқиғасын, Энн Хэтэуэйдің қатысуымен «Моя девушка - монстр» фантастикалық фильмін, «Рейд: Пуля в голове» индонезиялық атыс-шабыс фильмін және «Бір сен үшін» отандық мелодрамасын тамашалай алады.

 

«Бір сен үшін»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: Қазақстан, 2017

Режиссері: Ардақ Төлеубай

Рөлдерде: Азамат Сатыбалды, Зарина Кәрмен, Айжан Байзақова

Жанры: мелодрама

Асқар өзінің жеке кәсібін жақсы дөңгелетіп отыр, үлкен үйде сұлу жарымен бірге тұрады. Бақыт үшін одан асқан не керек? Алайда, оның жары Айжан сегіз жыл бойы құрсақ көтере алмай келеді. Асқар күйзеліске түсіп кетеді де, байқаусызда әйелінің көзіне шөп салып, үлкен қателікке жол береді. Кейінен бір сәттік сезім салдарынан дүниеге кейіпкердің нәрестесі келеді. Асқарға шешім қабылдау оңайға соқпайды, өйткені отбасы мен екеуінің арасында таңдау жасау керек.

 

«Моя девушка - монстр»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: Канада, Испания, 2016

Режиссері: Начо Вигалондо

Рөлдерде: Энн Хэтэуэй, Джейсон Судейкис, Дэн Стивенс

Жанры: фантастика, комедия, атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Глория жігітімен айырылысқан соң туған қаласына оралады. Сол жақтан ескі досы Оскарды кездестіріп, сонымен бірге жеңіл өмір бастайды. Бойжеткен бұзылып кетер еді, егер Сеулге құбыжықтың төтеп бергені туралы жаңалықты естімесе... Глория өзін сол құбыжықпен бір байланысы бароын сезеді.

 

«Перестрелка»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Страна: Франция, Великобритания, 2016

Режиссері: Бен Уитли

Рөлдерде: Арми Хаммер, Киллиан Мёрфи, Бри Ларсон, Сэм Райли

Жанры: атыс-шабыс фильмі, комедия, қылмыстық фильм, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бостон. 70-жылдардың соңы. Қару-жарақ саудасы бойынша ірі келісім жасалайын деп жатыр. Алайда, келісім кезінде басқа тауардың келгені байқалады. Ирландиялық тапсырыс берушілер мен сатушы қарақшылар тобы арасында қатігез атыс-шабыс басталады. Оның бағасы тауар емес, өмір болып шығады.

 

«Затерянный город Z»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: АҚШ, 2016

Режиссері: Джеймс Грэй

Рөлдерде: драма, оқиға, атыс-шабыс фильмі

Жанры: Роберт Паттинсон, Чарли Ханнэм, Том Холланд, Сиенна Миллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Англиялық зерттеуші Перси Фосетт амазонка нуынан бұрынғы цивилизация қалдығын анықтайды. Ғалымның пікірінше, оның тұрғындары керемет білімді болған. Алайда, әлемдік ғылыми қоғам ғалымның бұл зерттеуін пысқырмайды. Барлығына өкпелі Фосетт әйелі мен ұлын алып, адам аяғы баа бермейтін орманға келіп тұрақтайды. Кейіпкерлерді тағы да бір жаңалық күтіп тұрады.

 

«Идеаль»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: Франция, 2016

Режиссері: Фредерик Бегбедер

Рөлдерде: Одри Флеро, Ксавье Алькан, Гаспар Пруст, Камилль Роу

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Октав – «Идеаль» косметикалық компанияның өкілі, ол тек орыстың қыздары ғана ерекше сұлулыққа ие деп санайды. Осы пікірі үшін оны компанияға ерекше сәнбике тауып келуге Ресейге жібереді. Іздеуге тек бір апта ғана уақыт береді.

 

 

«Обещание»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: Испания, АҚШ, 2016

Режиссері: Терри Джордж

Рөлдерде: Жан Рено, Анджела Сарафян, Оскар Айзек, Кристиан Бэйл

Жанры: тарихи, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға Константинопольдағы Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезеңін баяндайды. Қалаға жол үстінде жүріп дәрігер-студент Микаэль мен фотокорреспондент Крис Майерс келеді. Екі кейіпкер жергілікті суретші қыз Анемен танысады да, бірден ғашық болып қалады. Үштік махаббат аясында бүкіл оқиға құрылады.

 

«Рейд: Пуля в голове»

Қазақстандағы тұсаукесер: 27.04.2017

Мемлекет: Индонезия, 2016

Режиссері: Кимо Стамбол, Тимо Тьяджанто

Рөлдерде: Эги Федли, Арио Баю, Ико Уйас, Хироки Гото

Жанры: триллер, атыс-шабыс фильмі, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Теңіз жағалауынан өлімші болып жатқан жігіт табылады. Басына тиген оқтың салдарынан ол Измаил есімінен басқа ештеңені есіне түсіре алмайды. Анық болғандай, оның басын көпшілігі, әсіресе, қылмыстық әлемнің басшысы Ли іздеп жүр екен. Қалай болғанда да Измаил бәрін есіне түсіруі тиіс, ол үшін алдымен тірі қалуы керек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист