È

Аптадағы тұсаукесерлер: Жынның оянуы

8-маусымнан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада қазақстандықтар әсерлі триллерлер мен атыс-шабыс фильмдерін тамашалай алады. Көрермендер Том Круздың басты рөлді сомдауымен «Мумия» франшизасының жаңа бөлімін, Антонио Бандерастың драматург рөліндегі «Қара көбелек» триллерін және итін іздеп жүрген Брюс Уиллистің «Оның иттік жұмысы» картиналарын көре аламыз.

«Мумия»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Алекс Куртцман

Рөлдерде: Том Круз, София Рассел Кроу, Аннабель Уоллис, София Бутелла

Жанры: қорқынышты фильм, фэнтези, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Зерттеушілер тобы египеттік қабірлерді қазып жүреді. Ғалымдар перғауынның ордасын ашып тастап, көне зұлымды оятып алады. Мың жылдық тас табытта Египет перғауынының қызы ұйықтап, өз сағатын күтіп жатқан еді. Енді бүкіл әлемді қауіп күтіп тұр. Ғалымдар бар адамзатты қауіп-қатерден құтқарып қала алар ма екен?

 

«Анна Каренина. Вронскийдің хикаясы»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Карен Шахназаров

Рөлдерде: Елизавета Боярская, Максим Матвеев, Виталий Кищенко, Виктория Исакова

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Картинада 1904 жылы князь қызы Анна Каренина қайтыс болған уақытты баяндайды. Оның ұлы - Сергей Каренин әскери госпитальдың басшысы болып қызмет атқарады. Бір күні ауруханаға жаралы граф Вронскийдің өзі келіп түседі. Әке-шешесінің өліміне кінәлі адамды көрген Сергей кек алу үшін соған арнайы барады.

 

«Қара көбелек»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Брайан Гудман

Рөлдерде: Антонио Бандерас, Пайпер Перабо, Абель Ферраро, Винсент Риотта

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмнің басты кейіпкері – шығармашылық тоқырауға ұшыраған Пол есімді жазушы. Ер адам өз қайғысын алкогольді сусын пайдалану арқылы басуға тырысады. Бір күні оның өмірінде жаңа кітабына арқау болатын сюжет ұсынатын белгісіз біреу пайда болады. Пол келісімін береді. Бірақ, бейтаныс адамның қара көбелек бейнеленген таңбасынан секем алып қалады.

 

«Сараң»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Фред Кавайе

Рөлдерде: Дэни Бун, Лоранс Арне, Ноэми Шмидт, Патрик Ридремонт

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Франсуа Готье - талантты скрипкашы әрі тартымды азамат. Дегенмен, мінсіз адам болмайтыны секілді, Франсуаның да кемшіліктері бар. Яғни, ол өте үнемшіл еркек. Музыкант артық шығыннан қатты қорқады. Қастық қылғандай, сол уақыттарда бұрынғы сүйіктісі қызымен келеді. Ал кейіпкер қызының бар екенін мүлдем білмеген еді.

 

«Төбеттер уақыты»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеттері: АҚШ, Испания, Германия, 2017

Режиссері: Джонатан Мостоу

Рөлдерде: Аллен Рич, Сэм Уортингтон, Одейя Раш, Эми Ландекер

Жанры: триллер, атыс-шабыс фильмі

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Стефан Лукас – жалдамалы қанішер. Ол жас қыз Элладан кезекті тапсырысын алады. Лукас жауапты сәтте қателесіп қалады да, өзін және Элланы үлкен қауіпке итермелейді. Кейіпкерлер тығылуға мәжбүр болады. Өйткені, оларды қанды бұзақылар іздеп жүреді.

 

«Оның иттік жұмысы»

Қазақстандық тұсаукесер: 08.06.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссерлері: Марк Каллен, Робб Каллен

Рөлдерде: Брюс Уиллис, Джейсон Момоа, Джон Гудман

Жанры: триллер, атыс-шабыс фильмі, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Жеке детектив тапсырмаларға өзінің адал иті Баддимен бірге шығатын. бір күні, оның итін ұрлап әкетеді. Енді детектив сүйікті төбетін қайтару үшін, бұзақылардың айтқанын істеуге мәжбүр болады. Дегенмен, детектив сүйікті итін құтқару үшін адам өлтіруге дайын ба?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер