Аптадағы тұсаукесерлер: Бір бағытқа саяхат
Бұл апта детектив жанрын жақсы көретіндерге арналады. Айналымға Агата Кристи романының экрандауы - «Шығыс экспрессіндегі өлім» фильмі шығады. Сондай-ақ, Дэниэл Редклиффтің де жанкүйерлері құр қалмайды: оны қатысуымен экраннан «Джунгли» фильмі көрсетілмек. Ал ең жас көрермендер «Кішкентай қанішердің» оқиғаларына куә болады.

Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеттері: Мальта, АҚШ, 2017
Режиссері: Кеннет Брана
Рөлдерде: Паала Эссьеду, Майкл Раус, Кеннет Брана, Эллиот Леви
Жанры: детектив, қылмыстық
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Еуропадан келе жатқан сәнді пойызда жұмбақ өлім орын алады. Экипаж қызметкерлерін қоса алғанда, он үш жолаушының барлығы айыпталушылардың қатарында. Шынайы қанішер кім? Бұл сұрақтың жауабын детектив Эркюль Пуаро табуға тырысады. Фильм Агата Кристидің аттас романының желісімен түсірілген.
_vwhk.jpg)
Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеттері: Нидерланды, Германия, Дания, Ұлыбритания, 2017
Режиссерлері: Рихард Клаус, Карстен Килерих
Рөлдерде: Джим Картер, Расмус Хардайкер, Элис Крайдж, Мэттью Марш
Жанры: мультфильм, фэнтези, комедия
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Мультфильм кейіпкері – он үш жасар қанішер Рудольф. Бір күні ол Тони есімді ерекше баламен танысады. Белгілі болғандай, Тони қорқынышты қамалдар мен құбыжықтар туралы хикаяларды ұнатады екен. Рудольф көп ойланбастан жаңа досын қонаққа шақырады.

Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеті: АҚШ, 2017
Режиссері: Джозеф Косински
Рөлдерде: Джош Бролин, Майлз Теллер, Тейлор Китч, Бен Харди
Жанры: драма, өмірбаян
Жас шектеуі: 16 жасқа дейін
Сюжет ортасында Аризонадағы таңдаулы өрт сөндіруші бөлімшенің бірі - Granite Mountain Hotshots. Кезекті бір тапсырмаға жиналған топ қауіппен бетпе-бет кезігетінін қайдан білсін? Ормандағы кішкентай өрт ең үлкен апатқа айналып, 19 адамның өмірін жалмады. Картина шынайы оқиғаларға негізделген.

Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеті: Франция, 2017
Режиссері: Тарек Будали
Рөлдерде: Филипп Лашо, Тарек Будали, Шарлотта Габрис, Давид Марсе
Жанры: комедия
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Ясин –ең маңызды емтиханға кешігіп қалған мароккандық студент. Енді Ясин Парижден кетіп, отанына оралуы тиіс. Жер аударудан қашу үшін, ол жалған некеге тұруды ойлайды. Бірақ, қыз табу оңай емес. Жігітке курстасы көмектеседі.

Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеті: Украина, 2016
Режиссері: Юрий Ковалев
Рөлдерде: Даниил Каменский, Ева Кошевая, Олег Волощенко, Наталья Сумская
Жанры: шытырман, фэнтези
Жас шектеуі: 6 жасқа дейін
Күн тұтылу кезінде қарапайым мектеп оқушысы Виктор өткенге сапар шегеді. Ну орманда ол жас батырлар Олег, Илья мен Добрынямен жолығады. Жақында сары қыпшақтармен шайқас басталмақ, оған әлбетте жауынгер керек. Осылайша, Виктор ерекше оқиғалардың ортасына тап болады.
_vrbf.jpg)
Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеттері: Австралия, Колумбия
Режиссері: Грег МакЛин
Рөлдерде: Дэниэл Редклифф, Томас Кречман, Алекс Расселл, Лили Салливан
Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма, шытырман
Жас шектеуі: 18 жасқа дейін
Бір топ достар күйбең тірліктен арылып, жаңа әсер алу үшін ну орманға аттанады. Боливияның тропикалық ағаштарының ортасына тап болған кейіпкерлер табиғаттың өзі құрған тұзаққа қалай түскендерін байқамай қалады. Жалғыз жол – қалай да аман қалу.
«Ван Гог. Махаббатпен, Винсент»

Қазақстандағы тұсаукесер: 09.11.2017
Мемлекеттері: Ұлыбритания, Польша, 2017
Режиссерлері: Дорота Кобела, Хью Уэлшман
Рөлдерде: Дуглас Бут, Джош Бердетт, Холли Эрл, Джон Сешнс
Жанры: драма, өмірбаян, анимация
Жас шектеуі: 12 жасқа дейін
Қайтыс болған соң ғана мойындалған әйгілі суретшінің шығармашылығына саяхат жасау. Жаңа технологияның мүмкіндіктерінің арқасында Ван Гог картинасының кейіпкерлері тіріліп, өз иелерінің оқиғасын баяндайтын болады. Таспа танымал суретшінің өмірі мен өлімінің құпиясын ашпақ.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін