È

Аптадағы тұсаукесерлер: Қараңғылыққа саяхат

18 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Кинотеатрларда Ридли Скоттың «Бөтен: Өсиет» фильмі көрсетіле бастады. Фантастикалық триллерден бөлек айналымға «Тастағы дауыс» («Голос из камня») детективті оқиғасы жарыққа шықты. Ол жерде Эмилия Кларк жауап іздейді. Сондай-ақ, «Уолл-стриттегі аңшы» («Охотник с Уолл-стрит») драмасы көрсетіліп жатыр. Аталмыш туындыда Джерард Батлер америкалық арманын орындайды.

 

«Бөтен: Өсиет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.05.2017

Мемлекеттері: Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, АҚШ, 2017

Режиссері: Ридли Скотт

Рөлдерде: Кэтрин Уотерстон, Демиан Бишир, Майкл Фассбендер, Руни Рапас

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

«Өсиет» кемесі галактиканың алыс ғаламшарының біріне келіп қонады. Экипаж мүшелері жұмаққа тап болды деп ойлайды. Алайда, кейіпкерлер бұл ғаламшардың қауіпті құпиясынан беймәлім. Оның жалғыз тұрғыны - «Прометей» тапсырмасынан аман қалған андроид Дэвид.

 

«Қанатты үштік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.05.2017

Мемлекеттері: Бельгия, Германия, Люксембург, Норвегия, 2017

Режиссерлері: Реза Мемари, Тоби Генкель

Рөлдерде: Маркус Офф, Кристиан Гол, Николетт Кребиц,

Жанры: мульфильм, шытырман оқиға

Жас шектеуі: шектеу жоқ

Дегелектердің арасында өскен Ричард торғайды оңтүстікке ұшар кезде туыстары үйде қалдырып кетуді ойлайды. Бірақ, Ричард барлығына өзінің де дегелек екенін дәлелдеу мақсатымен, оңтүстікке өзі ұшып кетеді. Жол бойында ол үкі мен тотықұсты кезіктіреді. Осылайша, барлығы әлем бойынша керемет саяхатқа аттанады.

 

«Тастағы дауыс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.05.2017

Мемлекеттері: Италия, АҚШ, 2017

Режиссері: Эрик Денис Хауэлл

Рөлдерде: Эмилия Кларк, Катерина Мурино, Мартон Чокаш, Кейт Линдер

Жанры: драма, триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Тоскандағы үлкен иелікке жас күтуші Верена келеді. Жаралы балаларды емдеп жазатын қасиеті бар күтуші кішкентай Джейкобқа көмектесуге бар күшін салады. Анасының өлімінен кейін балақай анасы қайтып келмейінше ешкімге тіс жармауға уәде беріпті. Кейіннен, қайтыс болған адамның Веренаның денесіне кіріп кеткендігі анықталады.

 

«Уолл-стриттегі аңшы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.05.2017

Мемлекеттері: АҚШ, Канада

Режиссері: Марк Уильямс

Рөлдерде: Элисон Бри, Уиллем Дефо, Джерард Батлер, Кэтлин Манро, Джулия Баттерз

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бұл - күннен күнге Уолл-стритті бағындырып келе жатқан Дэйн Дженсеннің оқиғасы. Ер азаматқа өзінің америкалық арманын орындауға, яғни рекрутингті компания басшысының орнына отыруға мүмкіндік туады. Алайда мансаптық жолы Дэйннің жеке трагедиясымен қатар келеді, оның ұлы ауырып қалады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер