È

Аптадағы тұсаукесерлер: Барлық құпияны аш

11 қазаннан басталатын апта тұсаукесерлері

Бұл апта көрермендерді триллер жанрындағы фильмдермен қуантпақ. Айналымға «Жеделсаты», «Эль Рояль» қонақ үйінде ешқандай жақсы дүние жоқ», «Шынайы оқиғаларға негізделген» секілді жаңа картиналар шығады.

 

«Жеделсаты»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Нұртас Адамбай

Рөлдерде: Жандос Айбасов, Есбек Әбілмәжинов

Жанры: психологиялық драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Тимур – бар мәселені ақшамен шешіп үйренген табысты кәсіпкер. Алайда, тағдыр оған тосын сый жасайды, ол тұрғын үйдің күзетшісі Асқармен бірге жеделсатыда қамалып қалады. Оларға үш күн бойы сол жерде болып, бір-бірінің құпияларын білуге тура келеді.

 

«Эль Рояль» қонақ үйінде ешқандай жақсы дүние жоқ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дрю Годдард

Рөлдерде: Крис Хемсворт, Джефф Бриджес, Дакота Джонсон, Джон Хэмм, Ник Офферман, Синтиа Эриво, Льюис Пуллман

Жанры: триллер, детектив

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

1960-жылдардың соңы. Екі штаттың шекарасында орналасқан әйгілі «Эль Рояль» қонақ үйі өте танымал, өйткені тұрғындарын Невадаға немесе Калифорнияға орналастыра алады. Түндердің бірінде ғимаратқа бір-біріне ұқсамайтын жеті адам жиналады. Олардың әрқайсысы сұмдық құпияны жасырып жүр.

 

«Айдағы адам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дэмьен Шазелл

Рөлдерде: Райан Гослинг, Пабло Шрайбер, Клер Фой, Джон Бернтал, Джейсон Кларк

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сюжеті танымал астронавт Нил Армстронгтың айналасында өрбиді, ол Айға ұшып, сол жақта өмірінің 8 жылын өткізеді. Оның батыл әрі қауіпті әрекеті адамзаттың даму тарихын түбегейлі өзгертті.

 

«Патрик»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Мэнди Флетчер

Рөлдерде: Эд Скрейн, Эмилия Джонс, Битти Эдмондсон, Дженнифер Сондерс, Джемма Джонс

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Сараның өмірі астаң-кестең: мансабы болмады, жеке өмірі де мәз емес. Ал қазір Патрик есімді итті бағу оның мойнында. Барлығы құрдымға кетіп бара жатқандай көрінеді, алайда кейіпкер Патриктің өзіндегі ең жақсысы екенін түсінеді.

 

«Менсіз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Кирилл Плетнёв

Рөлдерде: Полина Максимова, Кирилл Плетнёв, Любовь Аксенова, Риналь Мұхаметов, Анна Каменкова, Евгения Дмитриева

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Басты кейіпкерлер Ксения және Кирамен түсініксіз бір жағдай болады. Екеуі де ғашық болған Димадан хабарлама келеді. Барлығы дұрыс болар еді, бірақ Дима қайтыс болды деп есептеледі ғой.

 

«Шынайы оқиғаларға негізделген»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Роман Поланский

Рөлдерде: Ева Грин, Эмманюэль Сенье, Венсан Перес, Доминик Пинон, Камиль Шаму, Брижит Роюан

Жанры: психологиялық триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жас жазушы өзінің басынан өткен қайғылы жағдай негізінде кітап шығарады. Алайда, бұл оның күйзеліске түсуіне әкеп соғады, одан жанкүйерінің арқасында ғана шығады. Кейін, жанкүйердің жазушыға қатты қызығатыны, тіпті сомен ауыратыны белгілі болады.

 

«Хэллфест»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Грегори Плоткин

Рөлдерде: Эми Форсайт, Бекс Тейлор-Клаус, Мэттью Миркурио, Тони Тодд, Микаэль Турек

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Натали, Брук және Тэйлор жігіттерімен бірге «Хэллфест» фестиваліне баруды ұйғарады. Олар сериялық қанішердің зұлымдық жасау үшін дәл сол жерді таңдап алғанынан хабарсыз. Барлығы мұның шоу немесе қойылым екеніне сеніп жүргенде, қанішер барлығының көзінше фестиваль қонақтарын өлтіре берді. Натали, Брук және Тэйлор жағдайдың растығына көз жеткізген соң, өмір мен өлімнің арасында тұрады.

 

«Клубаре»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Иван Курский

Рөлдерде: Баста, Евгений Стычкин, Михаил Богдасаров, Евгения Щербакова

Жанры: қылмыстық, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Алғыр брокер Артур «Клубаре» клубымен байланысты шиеленіске тап болады. Оны аңди бастайды. Осы сәттен бастап қызық басталады.

 

«Ұшқыш кілем»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Дания, 2018

Режиссері: Карстен Килерих

Рөлдерде: Петер Фрёдин, Эрик Холми, Сонни Лэхи, Туре Линдхардт

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Жас бала саяхатқа шығуды армандайды. Кейін, кейіпкер өзіне ұшқыш кілем сыйлайтын саудагерді жолықтырады. Бірақ, барлығы оңай емес. Енді жас саяхатшы көпестің жоғалып кеткен жиенін табуы тиіс.

 

«Примадонна»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2016

Режиссері: Стивен Фрирз

Рөлдерде: Ребекка Фергюсон, Мэрил Стрип, Хью Грант, Саймон Хелберг, Нив Гачев

Жанры: комедия, драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Флоренс Фостер Дженкис музыканы ұғыну қабілеті болмаса да, музыкамен өмір сүреді. Айналадағылар оның көңіл-күйін түсіргісі келмейді, ал кейіпкердің өзі керемет ән айтамын деп ойлайды. Өзіне деген сенім бе, әлде тума таланттың жоқтығы ма? Бұл күресте кім жеңеді екен?

 

«Экстаз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: Франция, 2016

Режиссері: Гаспар Ноэ

Рөлдерде: София Бутелла, Ромен Гильермик, Клод Гаян Мод, Смайл Кидди, Сухейла Якуб

Жанры: қорқынышты, драма, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

1996 жыл. Жастар тобы сауық кешін ұйымдастырып, есірткі қосылған ішімдікке тойып алады. Содан кейін аласапыран басталады, өйткені әрқайсысы өзінше желіге бастайды.

 

«Мэнди»

Қазақстандағы тұсаукесер: 11.10.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Панос Косматос

Рөлдерде: Николас Кейдж, Андреа Райзборо, Лайнас Роуч, Билл Дьюк

Жанры: қорқынышты, триллер, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ерлі-зайыптылар - отыншы Ред пен Мэнди бақытты өмір сүрді. Қарғыс атқан күні Мэнди орманға қыдырып шығады да, басында Иеремие тұрған сектаға тап болады. Ол Мэндиді ұстап алады да, өлтіріп, отқа қоя береді. Әйелін жоғалтқан Ред кек алу жолын бастайды.

 

Фильмдердің ыңғайлы көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса