È

Аптадағы тұсаукесерлер: Алаңғасарды сағындыңыздар ма?

17 мамырдан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада киноны жақсы көретіндер үшін зерігуге уақыт болмайды. Экранға көптен күткен «Дэдпулдың» екінші бөлімі шығады, енді алаңғасар жалданушы мықты жауынгермен күресетін болады. Көрермендерді басты рөлді Марго Роби сомдайтын «Біткен» картинасы қызықтырады. Футболдың жанкүйерлерін «Роналду Мессиге қарсы» деректі фильмі күтеді.

 

«Дэдпул 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 17.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дэвид Литч

Рөлдерде: Джош Бролин, Морена Баккарин, Райан Рейнольдс, Билл Скарсгард, Терри Крюс

Жанры: атыс-шабыс, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Уэйд арнайы жасағының бұрынғы агенті, қазіргі мықты батыр Дэдпул қалыпты өмір сүруге тырысады. Алайда өзінің қитұрқы жоспарын іске асырғысы келетін мықты жауынгер Кейбл пайда болады. Дэдпул оған қарсы тұру үшін топ жинауы тиіс.

 

«Біткен»

Қазақстандағы тұсаукесер: 17.05.2018

Мемлекеттері: Ирландия, Ұлыбритания, Гонконг, Венгрия, АҚШ, 2018

Режиссері: Вон Стайн

Рөлдерде: Марго Робби, Саймон Пегг, Декстер Флетчер, Майк Майерс, Катарина Час

Жанры: триллер, драма, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Энни бірнеше еркектермен қауіпті ойын жүргізеді. Бойжеткен артынан жүгіріп жүргендерді бір-бірімен өшіктіріп, бір мақсатты көздейді. Ол кек алып жүр немесе берудің бұйрығын орындауда, оны көрермендер жақын арада білетін болады.

 

«Борттың сыртында»

Қазақстандағы тұсаукесер: 17.05.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Роб Гринберг

Рөлдерде: Анна Фэрис, Эухенио Дербес, Ева Лонгория, Свузи Кёрц, Джон Ханна

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Пицца тасушы Кейтке арсыз әрі өзімшіл миллионерден кек алуға мүмкіндік беріледі. Еркек аяқ астынан құлап, есінен айырылады. Кейт соны пайдаланып, өздерінің үйленгенін, үш балаларының барын айтады. Кішкентай ғана өтірік екеуінің өмірін мәңгіге өзгертуі мүмкін.

«Арашық Майя және бал кубогы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 17.05.2018

Мемлекеттері: Германия, Аустралия, 2018

Режиссерлері: Ноэль Клири, Серджо Делфино, Алекс Стадерманн

Рөлдерде: Коко Джек Гиллис, Ричард Роксбург, Джастин Кларк

Жанр: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі жоқ

Жақында арашық Майя ұзақ дайындалған спорт жарысы басталады. Бірақ, Патшайым олардың омартасын ойыннан шығарып тастайды. Ұзақ келіссөздерден кейін Майяны тобымен бірге жарысқа қатыстырады. Егер олар жеңіліп қалса, омартасы артық балын беруі тиіс болады.

 

«Роналду Мессиге қарсы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.05.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Тара Пирниа

Рөлдерде: Дэвид Бекхэм, Криштиану Роналду, Жерар Пике, Алекс Фергюсон

Жанр: деректі, спорт

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Бұл деректі фильм мына басты сұраққа жауап беруге тырысады: кім үздік ойыншы - Криштиану Роналду ма әлде Лионель Месси ме? Фильмде футбол жұлдыздарының алдыңғы қатарлы сарапшылары, нағыз жанкүйерлері, достары мен әріптестері өз пікірлерімен бөліседі.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист