È

Аптадағы тұсаукесерлер: Махаббат бостандығы

8 ақпаннан басталған апта тұсаукесерлері

Басталған апта «Бостандықтың елу реңкі» картинасы арқылы Кристиан Грейдің өткеніне көз жүгіртіп, «Ғажайыптар дөңгелегі» драмасында көрермендерді ойын-сауықтық саябағының тарихымен таныстырады. Хоррорды жақсы көрушілер үшін де киноға бару қызықты болмақ: «Хопвелл қарғысы» мен «Уиджи: Вероника қарғысы» картиналары жарыққа шығады.


«Бостандықтың елу реңкі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джеймс Фоули

Рөлдерде: Дакота Джонсон, Джейми Дорнан, Ариэль Кеббел, Эрик Джонсон

Жанры: триллер, драма, мелодрама

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Анастейша Грей ханым ретінде келеді де, рахат өмір сүреді. Алайда, бұрынғы жаулары оңайлықпен беріле қоймайды. Дұшпандары қайта оралғанда Кристиан мен Анастейшаның жайлы өмірі бұзылады.

 

«Кездесу орны»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: Италия, 2017

Режиссері: Паоло Дженовезе

Рөлдерде: Валерио Мастандреа, Альба Рорвахер, Сабрина Ферилли, Рокко Папалео

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Тоғыз бейтаныс адам бір уақытта бір жерде кездеседі. Кездесулерінің мақсаты – байырғы армандарын орындау. Кейіпкерлер қалауларына жету үшін қаншалықты ұзаққа барар екен?

 

«Әйелдер ерлерге қарсы: Крым демалысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Леонид Марголин

Рөлдерде: Настасья Самбурская, Наталья Рудова, Мария Кравченко, Александр Головин, Денис Косяков

Жанры: комедия, мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Басты кейіпкер жолдастарымен бірге демалысқа аттанады, алайда алдында тосын сый күтіп тұрғанын білмеген еді: азамат бұрынғы әйелін жолықтырып қалады. Кейіпкерлер бұрынғы өкпелері үшін кек алуды ойлағанда, жағдай ушыға түседі.

 

«Хопвелл қарғысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: Ирландия, 2017

Режиссері: Дэннис Барток

Рөлдерде: Леа Макнамара, Росс Ноубл, Стив Уолл, Дэннис Барток

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Көлік апатынан соң Дана ауруханаға түседі. Бірақ, бойжеткен әлі де өзіне қауіп төніп тұрғанын сезеді: ол бөлмеде жалғыз емеспін деп ойлайды. Бойжеткенге қорқыныш туғызатын біртүрлі дүниелер мен оқиғалар елестейді.

 

«Ғажайыптар дөңгелегі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Вуди Ален

Рөлдерде: Джеймс Белуши, Джуно Темпл, Кейт Уинслет, Джек Гор

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Оқиға ойын-сауықтық саябақта өрбиді. Карусель иесінің әйелі Джинни тартымды құтқарушы Миккиге ғашық болады. Екеуінің романы аяқ астынан аяқталуы мүмкін.

 

«Уиджи: Вероника қарғысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: Испания, 2017

Режиссері: Пако Пласа

Рөлдерде: Бруна Гонсалес, Иван Чаверо, Ана Торрент, Чема Адева

Жанры: қорқынышты фильм, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Спиритизмдік тақта ойынына кез-келген жасөсіпірім қызығады. Бірақ, дәл Верониканың жолы болмады. Онымен кәдімгі аруақ байланысады. Кішкентай қыз әзірге бала қызығушылығының өлім ойынына айналатынын сезбейді.

 

«Хит»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Маргарита Михайлова

Рөлдерде: Софья Озерова, Алена Томинцева, Петр Скворцов, Юлия Ауг

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Юля мен Катя ауылдан Мәскеуді бағындыруға келеді. Юля белгілі архитектор болуды, ал Катя танымал әнші болуды армандайды. Екеуі де мақсаттарына ұмтылады. Бірақ, жоспарды аяқ-асты пайда болған махаббат құртады.

«Эльфтер тағы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.02.2018

Мемлекеттері: Қытай, АҚШ, 2017

Режиссерлары: И Гэ, Сун Юэфэн

Рөлдерде: Эшли Боеттчер, Гилберт Боус, Гэвин Хаммон, Джули Натансон

Жанры: мультфильм, фэнтези

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Жауынгер Ламберт Лийямен қайта көрісу үшін Эльфтер Еліне аттанады. Кейіпкер келе салысымен, қатігез Еленаның таққа отырып, Қара Айдаһардың кристаллын иемденіп алғысы келетінін біліп қояды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер