È

Апта тұсаукесерлері: Сәттілік құпиясы

Апта тұсаукесерлері

Осы аптада Illumination компаниясының кезекті жобасы - «Тайная жизнь домашних животных» мультфильмі прокатқа шығады. Ата-аналар мен балаларды кішкентай жануарлар туралы қызықты оқиға қуантады. Жалпы, осы аптадағы басқа да тұсаукесерлер жеңіл әрі көңілді болмақ.

«Тайная жизнь домашних животных»

Қазақстандық тұсаукесер: 18.08.2016

АҚШ: АҚШ, 2016

Режиссерлер: Крис Рено, Ярроу Чейни

Рөлдерде: Луис С.К., Эрик Стоунстрит, Кевин Харт, Лэйк Белл, Элли Кемпер, Альберт Брукс, Дженни Слейт, Стив Куган, Дэна Карви, Бобби Мойнахан

Жанр: мультфильм

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Иелері есікті жауып кетіп қалған кезде үй жануарлары не істейді? Үйде ешкім жоқта дла олар сүйкімді,мейірімді ме?Сүйкімді терьер Макс үйінде Дюк атты ит пайда болған кезде әбден мазасы кетті. Ол екеуі жылы орынға таласады. Алайда иттерге бәсекелестік туралы ұмытуға тура келеді. Олар күш біріктіріп, үй жануарларын қорғауға кіріседі, өйткені қатігез көжек Снежок оларға қарсы соғыс ашқан болатын.

Луис С.К. (Луи Секей) және Кевин Харт үшін бұл олар дыбыстаған алғашқы анимациялық фильм.

«Парни со стволами»

Қазақстандық тұсаукесер: 18.08.2016

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Тодд Филлипс

Рөлдерде: Ана де Армас, Майлз Теллер, Брэдли Купер, Джона Хилл, Ден Билзерян, Шон Тоуб, Барбара Ройленс, Бэрри Ливингстон, Валентина Люсия Фальтони, Джейби Бланк

Жанр: комедия

Жасына қарай шектеу:16 жсқа дейін

Фильмнің сюжеті болған оқиғаға негізделген. Америка мен Ирактағы бір кампаниядағы екі дос кіші кәсіпкерлік әскери келісімшарт тендеріне қатыса алатынын біледі. Қару жарақ тасымалдауға миллион долларды Үкіметтен алып алған жігіттердің өмірі ғажап болады.

«Любовь и дружба»

Қазақстандық тұсаукесер: 18.08.2016

Елі: Ирландия, Нидерланды, Франция, США, Великобритания, 2016

Режиссер: Уит Стиллман

Рөлдерде: Кейт Бекинсейл, Морфидд Кларк, Том Беннетт, Дженн Мюррэй, Лохлэйнн О’Меарайн, Софи Радермахер, Хлоя Севиньи, Стивен Фрай, Джордан Уоллер, Росс Мак Махон

Жанр: драма, мелодрама, комедия

Жасына қарай шектеу: 12 жасына қарай шектеу

Жас жесір Леди Сьюзан өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін және қоғамда оның қылтың-сылтың жүрісін талқылауы ұмытылу үшін біраз уақыт өткізуді жөн көреді. Уақытты босқа өткізбеу керек деп шешкен Сьюзан өзіне және қызына қалталы күйеу іздей бастайды. Өзінің мақсатына жету үшін ол барлық қаруын сайлайды, сұлулығымен, тартымдылығымен, ақылдылығымен әрекет етеді.

Картина Джейн Остин романының желісі бойынша түсірілді, роман жазушының көзі тірі кезінде аяқталды. Кейіннен жазушының туысы романға «Леди Сьюзен» деген атау берді. 1871 жылы кітап жазушының туыстарының рұқсатымен жарыққа шықты.

«Повелители снов»

Қазақстандық тұсаукесері: 18.08.2016

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Ирина Багрова

Рөлдерде: Александр Балуев, Дмитрий Ендальцев, Анастасия Пронина, Дмитрий Соколов, Софья Лебедева, Валентина Оленева, Сергей Степанченко, Светлана Бельская, Михаил Водзуми, Илья Малаков

Жанр: комедия, фэнтези

«Түстер корпорациясы» мамандарының немен айналысатынын кім білген. Олар сіз қандай түс қаласаңыз соны жасайды. Бұл әлемді таңғалдыру үшін жасалған техниканың жаңа сөзі. Осы эксперимент қаншалықты қауіпті, өйткені адамдардың қалауы өте қауіпті болуы да мүмкін ғой.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса